By Жапарханова Райхан Слямхановна on 03.12.2021
Category: Дополнительные материалы

Өмірбаян

Жапарханова Райхан Слямханқызы, 1955 жылы 30 сәуірде Қарағанды қаласында дүниеге келдім. 1972 жылы Алматы қаласындағы № 41 орта мектепті алтын медальмен бітірдім.  1978 жылы Алматы мемлекеттік медицина институтының  емдеу факультетін үздік бітірдім. Институтты бітіргеннен кейін Шымкент облысында ауылдық  учаскелік дәрігер болып жұмыс істедім. Клиникалық  ординатураны, одан кейін күндізгі аспирантураны бітіргеннен кейін AGMI биохимия кафедрасының  оқытушысы болып жұмыс істедім.  1993 жылы биохимия мамандығы бойынша докторантураға түстмі. Кейіннен медицина институтында оқытушы болып жұмыс істедім.

Оқу және жүмыс кезіндеқ қоғамдық  жұмыстармен белсенді айналысып, қазақстан комсомолы Орталық комитетіің құрмет грамотасымен марапатталдым.

2013 жылы зейнеткерлікке шықтым. Зейнеткерлікте жүргенде қоғамдық  жұмыстармен айналысамын. «ҰОС ардагерлері, тыл еңбеккерлері мен соғыс балалары кеңесі»  атқарушы директоры болып табыламын. Қор өзін Ұлы Отан соғысының  ардагерлеріне көмектесетін белсенді азаматтық  ұстанымдағы ұйым ретінде көрсетті. Қоғамдық  қордың  басшысы ретінде қалалық және аудандық  әкімдіктердің алғыс хаттарымен, АҚШ-тың  Қазақстандағы Елшісінің және басқа да қоғамдық  бірлестіктердің  алғыс  хаттарымен марапатталдым.

«Бауыржан Момышұлы», «Сағадат Нұрмағамбетов»,  «Офицер жұбайы»  медальдарымен және «комсомолға 100 жыл»  орденімен марапатталдым.

Тұрмыстамын, 2 балам бар.