By Каракаев Абылхан Космурзаевич on 18.02.2021
Category: Дополнительные материалы

Өмірбаян

Қарақаев Абылхан Қосмырзаұлы, РФ-ның және ҚР-ның техника ғылымда-рының докторы, ҚР-ның ЖАК-нің профессоры, ING-PAED IGIP инженерлік ЖОО халықаралық оқытушысы, С. Торайғыров атындағы ПМУ-нің құрметті кафедра меңгерушісі, Халықаралық Ақпарат Академиясының академигі.

Қарақаев А. Қ. 1940 жылы 29-наурызда Қарақалпақтың Мойнақ ауданы Үрге ауылында балықшы отбасында дүниеге келген. 1959 жылы Қарақалпақтың Шымбай қаласында-ғы орыс мектебін күміс медальмен аяқтап, Н. Э. Бауман атындағы Мәскеу жоғары техникалық училищесіне (МЖТУ) түсті. 1965-жылы МЖТУ-нің іштен жанатын моторлары (ІЖМ) мамандығын алып Павлодар индустриалды институтына (ПИИ) ассистенттік жұмысқа жіберілді.

1972 жылдың 3-сәуірінде Н. Э. Бауман атындағы МЖТУ-нің күндізгі аспирантурасын бітіргеннен кейін «05.04.02 ‑ жылу моторлары» мамандығы бойынша кандидаттық диссертацияны қорғады. 1972-жылдың 30-маусымда техника ғылымдарының кандидаттық дәрежесі берілді. 1972-жылдың 17-мамы-рынан бастап ол ІЖМ кафедрасын басқарды, ал 1974 жылы оған ІЖМ арнайы мамандығы бойынша доцент ғылыми атағы берілді. 2001-жылдың 1-қазанынан бастап Қарақаев Абылхан Қосмұрзаұлы С. Торайғыров атындағы ПМУ-нің профессоры.

Қарақаев Абылхан Қосмұрзаұлы 2002-жылдың 20-караша күні Н. Э. Бауман атындағы Мәскеу мемлекеттік тех-никалық университетінің (ММТУ) диссерта- циялык кеңесінде докторлык диссертация қорғады. 2003-жылдың 14-ақпан күні (ғашықтар күні) РФ ЖАК-ті техника ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін бекітгі. 2003-жылдың  25-желтоқсан күні ҚР БҒМ-нің ЖАК-ті ҚР-ның техника ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін бекітті. 2004-жылы 28-казан күні ҚР-ның БҒМ-нің ЖАК-ті «Колік» мамандығы бойынша профессор ғылыми атағын берді.

А. Қ. Қарақаевтың ғылыми қызметі дизельдің отын жүйелерінің (ОЖ) жаңа-ларын әзірлеуге және әрі қарай жетілдіруге бағытталған. Жұмысы отынды бүрку (ОБ) үрдістерінің теориясын және тұтас ортаның белгіленбеген қозғалысын (ТОБҚ) дамытуға бағытталған. Әртүрлі дизельдерге арналған гидравликалық (ФГ) және гидромеханикалық (ФТҚ ‑  тұйық қалпақты форсунка) форсункаларды әзірлеумен, жасаумен, зерттеумен, енгізумен және одан әрі жетілдірумен айна-лысты. Дизельдердің конструктивтік, техника-экономикалық және экологиялық көрсеткіштерін, ОЖ-нің және дизельдердің техникалық деңгейін мен ресурсын арттыру мақсатында жұмыс істелді. Жүргізілген ғылыми зерттеу жұмыс нәтиже-лерінің ішкі және сыртқы нарықтарындағы өзектілігін, ғылыми жаңалығын, прак-тикалық құндылығын, шынайылығын, негізділігін, инновациялылығын және рентабельділігін КСРО-ның, РФ-ның және ҚР-ның Қарақаев Абылхан Қосмұрза- ұлының 107 авторлық күәліктері. және патенттері растайды, оның ішінде ҚР-ның 26 патенттері, 16 алдын ала және 36 инновациялық патенттері. А. Қ. Қарақаев институттық, университеттік, облыстық, аймақтық, ЖОО-аралық, республика- лық, бүкілодақтық және халықаралық ғылыми, ғылыми-техникалық және ғылы- ми-практикалық конференцияларға белсенді қатысты. Баяндама мен баяндама-лардың тезистерін редакциялады, диссертацияны қорғауда ресми оппонент болды (оған КСРО ЖАК-ті тартты), 2005-2008 жылдары диссертация кеңесінің мүшесі болды. «ПМУ ғалымдар жазбалары» журналының редколлегиясының мүшесі, ПМУ-нің машина жасау жөніндегі сараптама комиссия төрағасының орынбасары, ПМУ-нің Ғылыми Кеңесінің мүшесі, Қоғамдық патенттанушы (Бүкілодақтық патенттік қызмет көрсету орталығының курсын үздік бітірді, ПИИ оқытушыла-рына дәріс оқыды), 1972 жылдан бастап ІЖМ бойынша студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының жетекшісі, студенттер арасындағы тәрбие жұмыстарына белсенді қатысты, академикалық топтардың және студенттердің жатақханасының кураторы болды, факультет кеңесінің мүшесі, академик Қ. И. Сәтбаев Қорының Павлодар облыстық филиалының құрылтайшыларының бірі болып табылады.

ОБ зерттеу бойынша арнайы міндетті жаңа заңдылықтарды (ЖЗ) шешуге алып келді, оның нәтижелері Ғылым мен техниканың әр түрлі салаларындағы проблемаларды шешетін болады (атом энергетикасы мен биологиялық жүй-елердегі мәселелердіде шешеді), мысалы, адам мен жануарлардың қан айналымы жүйелерін шешуге пайдалы болып табылды.

Ғылыми-практикалық қызметінің нәтижелері бойынша проф. Қарақаев А. Қ. ПМУ жанындағы отын жүйелері бойынша проблемалық зертхана құру және инновациялық өнеркәсіптік өндіріс үшін зауыт салу көзделді. Және жоғары қосымша құны бар ішкі және сыртқы нарықтарда импорт алмастырушы және бәсекеге қабілетті дизель отын жүйелерінің ішкі және сыртқы нарықтарында құны мүдделі, Оған ҚР Қорғаныс Министрлігі (Әскери-ғылым орталығы, Бас штабтың Қару-Жарақ департаменті) қызығушылық танытты. Павлодар облысының Ауыл шаруашылық департаменті (АШД), ҚР Ауыл шаруашылығын механикаландырудың ғылыми-өндірістік орталығы, Қазақстан фермер шараларының ұлттық федерациясы, Павлодар облысының неміс кәсіпкерлерінің орталығы, Қазақстандық бауманшылар-түлектер форумы («ДАМУ» АО), Ярославдегі дизель аппаратурасының зауыты, Қазақстанның, РФ, Өзбекстанның, Қарақалпақстанның, МГТУ-нің және басқа да жоғары оқу орындарының ғалымдары мен мамандары ашылуы қажет деп есептейді.

Профессор Қарақаев А. Қ. 1000-нан астам ғылыми-әдістемелік еңбектері, пі-кірлері, рецензиялары, оның ішінде 20 оқу құралдары, 7 монография, КСРО-ның, РФ-ның және ҚР-ның 107 авторлық куәліктері мен патенттері бар. Ол үнемі жыл сайынғы Қ. Сәтбаев, С. Торайғыров және академік Ш. Шөкиннің оқуларына қа-тысып отырады (мектеп оқушылары, студенттер мен магистранттар 130-дан астам ғылыми жұмыстардың қосалқы авторлары), күндізгі және сырттай оқитын төрт студенттері 3 өнертабыстың қосалқы авторлары болып табылады.

Қарақаев А. Қ. «Социалистік жарыстың жеңімпазы» белгісімен (1974), Қазақстанның БҒМ-нің, ПМУ-нің ғылыми-педагогикалық қызметтегі жетістіктері мен өнертапқыштық қызметі үшін құрмет грамоталарымен және ақшалай сый-лықтарымен марапатталды, Халық шаруашылығы жетістіктері көрмесінің Рес-публикалық Комитеті А. Қ. Каракаевқа халық шаруашылығының мамандарын дайындаудағы жетістіктері үшін және «Құйылмайтын бүріккішті» дизельде пайдалануға дайындалғаны үшін ақшалай сыйлықпен және Бірінші Дәрежелі Дипломмен марапаттады (1985). Сондай-ақ «Шаңырақ-10» халықаралық көрмесінің Дипломымен  марапатталды (Астана қаласы, 2001).

Қазақстанның Коммунистік партиясы Орталық Комитетінің, Қазақ ССР-ның Жоғарғы Советі Президиумының және Министрлер Советінің қаулысы бойынша бесжылдықтың тапсырмаларын орындаудағы аса көрнекті табыстары үшін Абылхан Қосмырзаұлы Қарақаев Қазақ Советтік Социалистік Республикасының Алтын Құрмет Кітабына жазылды (Алматы қаласы, 1986 жылғы 1 август). Абылхан Қосмырзаұлы ҚР-ның БҒМ-нің Ғылым Қоры Грантының иегері (1998-1999 және 2005-2008 жылдары), «ҚР-ның Білім беру ісінің құрметті қызметкері» (2002), «ҚР-ның ғылымын дамытуға қосқан үлесі үшін» (2005), «ҚР БҒМ Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» (2007) төсбелгілерінің иегері. Сондай-ақ 2007-жылғы инновациялық жобалардың облыстық конкурсындағы Грант иегері. А. Қ. Қарақаев екі рет (2007 және 2008 жылдары) ПМУ-нің ғылыми-педагогикалық қызметтегі жетістіктері мен өнертапқыштық қызметі үшін жылдың Үздік Ғалымы болып танылды.

2010 жылдың 12 сәуірінде Қарақаев А. Қ. Павлодар облысы ғылымының дамуына қосқан зор үлесі үшін Қазақтың Ғұлама ғалымы, қоғам қайраткері, КСРО-ның ҒА академигі Қ. И. Сәтбаев атындағы Арнайы сыйлықпен (1000 $) және Дипломмен марапатталды (Облыс әкімі Б. Сағынтаев).

С. Торайғыров атындағы ПМУ-нің Ғылыми Кеңесінің 2010-жылғы 26 та- мыздағы шешімімен Қарақаев Абылхан Қосмұрзаұлы университетке сіңірген зор еңбегі үшін Сұлтанмахмұт Торайғыров атындағы Алтын медалімен марапаттал-ды.

Абылхан Қарақаев 2013-жылдың өтінімдері бойынша өнертабыстық жұмыс-қа 17 өтініш білдірген. Сол жылдың өзінде барлық өтініштіріне оң жауап алып, инновациялық патенттер мен авторлық куәліктерге ие болды. Өнертапқыш ға-лымның 2014 жылы зор жетістігі ретінде «Шапағат-2014» республикалық өнер-табыс байқауындағы ЖОО ғалымдарымен бірлескен ұжымдық жеңісін атауға болады. Аталмыш байқауда Абылхан Қарақаев «Ең белсенді өнертапқыш» номи-нациясының жеңімпазы атанды.

ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Технологиялық даму жөніндегі Ұлттық агентттікпен бірлесіп Жаңа технологиялық идеяларды, халық-тың инновациялық белсенділігін және инновациялық кәсіпкерлікті үгіттеуді мақ-сат еткен Республикалық «Инновациялық форсаж» бизнес-жобалар байқауын ұйымдастырды. Айтулы жоба ҚР үдемелі индустриалды-инновациялық дамудың 2010‑2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асты. Жобаның мақсаты жаңа технологиялар саласындағы әлеуметтік маңызды баста-маларды анықтау және қолдау мен бизнес жоспар бойынша инновациялық жоба-лардың авторлары мен инноваторларды оқытуға бағытталған. Байқау 4 кезеңнен тұрды: I кезең – іріктеу; II кезең – қатысушылардың бизнес-жобаларды жасау мақ-сатымен бизнес-жоспарлау қабілетін байқау және оқыту; III кезең – жартылай фи-налға өткен байқау қатысушылары өздерінің бизнес жобаларын қорғауы, сонымен қатар жартылай финалда 5 үздік жобаның іріктелуі; IV кезең (финал) – жобалар-дың түсау кесері және қорғауы.

Абылхан Қарақаевтың жасаған жобасының зерттеу нысаны – іштен жанатын моторлар және жылу моторлары.

Жылу моторларындағы саңлаусыз қақпақты су сіңбейтін бүріккімен (ЖМ СҚСБ, орысша айтқанда ‑ бездренажная форсунка с глухим колпаком) зерттеулер жасау барысында 1 (бір) гектар егіндік жерде 2 литр дизельді отын үнемделетіні байқалды. Тіпті ЖМ СҚСБ құрылғысына сай жабдықталған дизельді отынды трактормен Павлодар облысының осы аумақтағы жерін бір рет жыртып шыққан-ның өзінде 2 млн 272 мың литр немесе 2 млн кг дизельді отын үнемделеді.

Бір кг жанармайдың жануы үшін 15 кг ауа керек. Моторда 1 кг жанармай жанғанда 15 кг-нан артық ауа ластанады. Ал ғалымның жасап шығарған құрыл-ғысын қолданғанда мотордың міндеті мен түріне қарай пайдаланылған газдың тұтіні 40 пайыздан 2‑3 есеге кемитін көрінеді. Соған байланысты, аталмыш өнер-табыстар тек жанармайды үнемдеп қана қоймай, материалдық, энергетикалық және еңбек шығындарын азайтып, еңбек гигиенасын, экологиялық және өрт қауіпсіздігін нығайтып, ауаның мейлінше ластанбауына жол ашады.

Ғалымның айтуынша, ең кұрделі мәселелердің шешімі мүмкіндігінше қара-пайым болуы тиіс. Сондықтан кез келген механизатор жылу моторларында қолда-натын тетіктерді оңай пайдасына асыра алатын ғалымның өнертабыстарын ауыл-шаруашылық және адамның қатынасының басқа да салаларында әбден қолдануға болады.

«ҚР БҒМ порталында: өңірлерден келген хабарында» келтірілген: 2014 жылы С. Торайғыров атындағы ПМУ-нің профессоры Абылхан Қарақаевтың тамаша жеңісі атап өтілді. А. Қ. Қарақаев республикалық инновациялық бизнес-жоспарлар «Инновациялық форсаж» байқаудан (байқауға 576 жоба қатысқан) қанжығалы оралды (1-орын). Бұл жеңіс 2014-жылғы бүкіл Павлодар облысындағы (Сертификат 7,5 млн теңге) басты оқиғалардың бірі болды. Мұндай үлкен табыс ғалымның зияткерлік және рухани қуатының, оның инженерлік ойларының батылдығының тағы бір дәлелі болып табылды. Павлодар және Павлодар облысы әкімдерінің Құрмет Грамоталарымен талай-талай рет марапатталды.

 

2015-жылдың 7-сәуір күні Қарақаев Абылхан Қосмұрзаұлын ҚР-ның Білім және ғылым министрі А. Сәрінжіпов «Еңбек ардагері» медалімен марапаттады.

Әлеуметтік және экономикалық маңыздылығы, келешегі, бәсекеге қабі- леттілігі, өнертабыстарының экологиялық қауіпсіздігі үшін А. К. Қарақаевқа  «ҚР-ның Еңбек сіңірген өнертақышы» құрметті атағы берілді (2015).

 

Профессор Қарақаев Абылхан Қосмурзаұлы – Қазақстан Республикасының

Еңбек сіңірген өнертақышы

Қарақаев Абылхан Қосмұрзаұлы С. Торайғыров атындағы ПМУ-нің

Алтын Қорының мүшесі.

ҚР Президентінің 2016-жылғы 5-желтоқсандағы Жарлығымен А. Қ. Қарақаевқа «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағы берілді.

 

 

Проф. Қарақаев Абылхан Қосмурзаұлы ‑ Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері

 

Интернетте Қарақаев Абылхан Қосмұрзаұлы 100 жаңа тұлғалары өкілдерінің бірі ретінде келтірілген.

ПМУ-нің дамуына қосқан ерекше үлесі үшін А. Қ. Қарақаев «С. Торайғыров 125 жылдығы» мерейтойлық медалімен марапатталды.

Профессор А. Қ. Қарақаев «Таза ортаға арналған жылуэнергетикалық жүйе-лер бойынша университеттік білім беруді жетілдіру және PhD дағдыларын дамыту» бағыты бойынша Erasmus+ халықаралық бағдарламасын жүзеге асыруға табысты қатысады.

Бұған оның жазған оқу және ғылыми еңбектері дәлел бола алады :

  1. Каракаев А. К. Альтернативные топлива для транспортной техники и перс-пективы развития транспортной энергетики: Учебное пособие / А. К. Каракаев. – Павлодар: Toraighyrov University, 2020. ‑ 161 с.
  2. Каракаев А. К. Механизм образования ударных разрывов: Монография /А. К. Каракаев. – Павлодар: Toraighyrov University, 2020. – 191 с.,
  3. Қарақаев А. Қ. Патенттану және ғылыми зерттеулер негіздері: Электрон-ды дәрістер конспектілері / А. Қ. Қарақаев. ‑ Павлодар: Toraighyrov University, 2020. ‑ 150 б.
  4. Каракаев А. К. Основы патентоведения и научных исследований: Элек-тронный конспект лекций / А. К. Каракаев. ‑ Павлодар: Toraighyrov University, 2020. ‑ 193 с.
  5. Каракаев А. К. Проблемы и перспективы транспортной логистики в РК: Электронный конспект лекций / А. К. Каракаев. – Павлодар: Toraighyrov University, 2020. – 270 с.
  6. Қарақаев А. Қ. Патенттану және лицензиялық қызмет: Электронды дәріс-тер конспектілері/А.Қ. Қарақаев. ‑ Павлодар: Toraighyrov University, 2021. – 172 б.

Монографияда: Каракаев А. К. Механизм образования ударных разрывов: Монография / А. К. Каракаев. – Павлодар: Toraighyrov University, 2020. – 191 с. (Қарақаев А. Қ. Соқпалы үзілістердің пайда болу механизмі: Монография / А. Қ. Қарақаев. – Павлодар: Toraighyrov University, 2020. ‑ 191 б.) дизельдердегі жанармай құю процестерін зерттеудің толығымен арнайы мәселесін шешу үздік-сіз ортаның тұрақты емес қозғалысының жаңа заңдылықтарына алып келді, жану камерасында және ішкі жану қозғалтқыштарының жүйелерінде, сондай-ақ уақыт пен координаталық қималары бар каналдар мен құбырлары бар кез-келген техникалық және биологиялық жүйелерде тұрақты емес ағындарды (соққы толқындарын) талдау және есептеу кезінде қолдануға болатын нәтижелер алуға мүмкіндік берді.