By Тенизбаев Егемберды Жансеитович on 13.02.2021
Category: Дополнительные материалы

Өмірбаян

Теңізбаев Егемберді Жансейітұлы 1991 жылы Қазақ-химия технология институтының «Химиялық кибернетика және химиялық өндірістердің негізгі процесстері» мамандығына түсіп, 1997 жылы Оңтүстік Қазақстан техникалық университетінің «Химиялық кибернетика және химиялық өндірістердің негізгі процесстері» мамандығын қызыл дипломмен бітірген. Қазақ гуманитарлық заң университетінің «Қаржы» мамандығын 2008 жылы бітіріп шыққан.

Теңізбаев Е.Ж. 1997 жылдан бастап оқытушылық қызметін М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің «Есептеуіш машина және автоматтандырған жүйе» кафедрасында оқытушы, «Ақпараттық технология және ақпараттық жүйе» факультеті деканының орынбасары қызметін атқарған.

1999 – 2002 жылдары Қ.Сыпатаев атындағы №7 техникалық лицей мектебінде информатика пәні мұғалімі болып қызмет атқарды. 

 Теңізбаев Егемберді Жансейітұлы – «Химиялық технологиялардың процесстері мен машиналары» мамандығы бойынша 01.03.2003 жылы Шымкент қаласындағы М.Әуезов Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті жанындағы диссертациялық кеңесінде «Айналмалы таратқыш элементі бар барабанды кептіргіш аппараттағы жылу-масса алмасу» тақырыбы бойынша кандидаттық диссертация қорғады. 2011 жылы 29 ақпанда 05.13.00 – «Информатика, есептеуіш техника және басқару» ғылымдары мамандығы бойынша доцент атағы берілді.

«Есептеуіш техника және бағдарламамен қамтамасыз ету» мамандық үшін «Есептеуіш техника және жүйелерін ұйымдастыру» Шымкент қ., 2009 ж., 8,75 б.т. және «Жүйелік бағдарламалау» Шымкент қ., 2008 ж., 6,25 б.т. атты оқу құралдарының авторы.

Зерттеу жұмысына сәйкес 60 халықаралық, республикалық конференцияларда, оның ішінде 11 ғылыми мақаласы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті ұсынған басылымдарды жарияланды. 3 алдын ала патент иеленушісі болды №12485  2002 ж., №19624  2008 ж. және №20049  2008 ж.

«Кітапхана кітап қорының есебі» тақырыбы бойынша 2016 жылғы 26 желтоқсандағы No 2717 авторлық құқық объектісіне мемлекеттік тіркеу туралы куәлік алды.

Теңізбаев Е.Ж. Облыс және қала мектептермен байланыс түзіп, 2009 жылы Оңтүстік Қазақстан облысының білім беру басқармасы және Шымкент қаласының білім басқармасы мектеп оқушыларымен шығармашылық жұмыстармен тығыз байланысы үшін алғыс хатымен марапатталған.

Теңізбаев Е.Ж. үйленген, екі ұл, екі қыз тәрбиелеуде.