15 желтоқсан 1951 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында туылған. 1973ж. В.И. Ленин атындағы Ташкент мемлекеттік университетін математика мамандығы бойынша бітірген. Физика-математика ғылымдарының кандидаты (1985ж.), математика доценті (1995ж.), физика – математика ғылымдарының докторы (2010ж.). «Қазақстан Республикасының ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төс белгісімен марапатталған (2017ж.), халықаралық ақпараттандыру академиясының академигі (2019ж.). Өзбекстан ғылым академиясының «Кибернетика» ғылыми – зерттеу институтында инженер – программалаушы, аға инженер – программалаушы, ғылыми қызметкер 1973-1987ж.ж., Низами атындағы Ташкент мемлекеттік педагогикалық институтында аға оқытушы, доцент міндетін атқарушы 1987-1992ж.ж.. Қазақ химия – технологиялық институтында доцент міндетін атқарушы, доцент 1992 – 1998 ж.ж., М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде 1998 жылдан доцент, ал 2011 жылдан бастап профессор қызметтерін атқарып келеді.
«Қолданбалы математика», «Информатика» мамандықтары бойынша 30 астам магистранттар оның жетекшілігі бойынша диссертацияларын қорғаған. Қазіргі уақытта «Информатика» мамандығы бойынша 5 магистрантқа және 2 докторантқа жетекшілік жасауда.
Негізгі ғылыми бағыты – Оңтүстік өңір үшін көкейкесті мәселелер: суғару суларын тасымалдау, олардың жер асты суларына әсері, ылғалдың таралуы құбылыстарын математикалық тұрғыдан сипаттау және жаңа ақпараттық технологияларды пайдаланып оларды есептеу. «Жер асты бойлап суғару» әдісі авторларының бірі. Қазіргі таңда бұл әдістің тиімділігін дүние жүзі ғалымдары мойындап отыр. Қазақстан білім және ғылым министрлігінің «Физика, математика, механика және информатиканың өзекті мәселелері» жобасы бойынша жеңіп алынған ғылыми гранттар иегерлерінің бірі (2006-2008 ж.ж., 2009-2011ж.ж., 2012-2014ж.ж., 2013-2015ж.ж., 2015-2017ж.ж.). 100 астам ғылыми мақалалардың, 8 оқу құралының, 1 монографияның, 2 авторлық куәліктің , 30 астам әдістемелік нұсқаулардың авторы.