Иманалиев Қуаныш Ералыұлы ОҚО, Отырар (бұрынғы Қызылқұм) ауданында 1969 жылы шілде айының 21 күні дүние келген.
1986 жылы Ордабасы ауданындағы «Октябрь» орта мектебін күміс медальмен үздік бітіріп, Қазақ химия-технология институтына «Өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс» мамандығына оқуға түсті. 1992 жылы аталған институтты «инженер-құрылысшы» біліктілігі бойынша бітіріп шықты.
Еңбек жолын 1992-1993 оқу жылы ҚазХТИ-ң «Құрылыс технологиясы және ұйымдастыру» кафедрасында оқу шебері болып бастап, 1993 жылдан оқытушы болып жұмыс атқарды. 1993-1997 жылдары ҚазХТИ-ның аспирантурасында сырттай оқыды, «Құрылыс технологиясы және ұйымдастыру» кафедрасында оқытушы қызметін атқарды.
1997-1999 жылдары аралығында аталған кафедрада, ал 1999 жылдан университеттегі қайта құрылымдауға байланысты аталуы өзгерген «Өнекәсіптік, азаматтық және жол құрылысы» кафедрасында аға оқытушы қызметінде жұмыс жасады.
2007 жылы Алматы қаласындағы «НИИСтромпроект» ғылыми-зерттеу институтында «Күріш қауызды шлаксілтілі арболиттің технологиясы мен сапалық сипаттамалары» тақырыбы бойынша диссертация жазып, техника ғылымдарының кандидаты атағын жемісті қорғады.
2009-2011 жылдар аралығында университет құрамындағы «Сәулет және құрылыс» ғылыми-зерттеу институтында аға ғылыми қызметкер, директордың орынбасары қызметтерін атқарды.
2011-2013 жж. «Құрылыс және көлік» факультеті деканының орынбасары қыхметін атқарды.
Иманалиев Қ.Е. ҚР БжҒМ «Ғылым қоры» қаржыландыратын «Жылу тиімділігі жоғары тұрғын үйлердің энергия белсенді қоршау конструкцияларын жасау және ғылыми негіздеу» тақырыбы бойынша 2018-2020 жылдарға арналған гранттық ғылыми жобаның жетекшісі болып табылады.
Ғылыми жұмыстары бойынша 66 ғылыми еңбектері жарияланып, ҚР 5 патенті мен 1 пайдалы модель патентінің иегері.
Ғылым мен білім беру саласындағы жетістіктері үшін ҚР БжҒМ Құрмет грамотасымен (2018ж.), ЖОО Ректорлар Кеңесінің, кәсіподақ комитетінің және университеттің мақтау қағаздарымен марапатталған. А.Байтұрсынов атындағы қола медаль (2018ж.), «Кәсіподаққа еңбегі сіңген қызметкер» (2016ж.) және «ЖОО арасындағы үздік менеджер» (2019ж.)төс белгілерінің иегері.
Техника ғылымдарының кандидаты, доцент Иманалиев Қ.Е. 2013 жылдан «Сәулет, құрылыс және көлік» факультеті құрамындағы «Сәулет» кафедрасының меңгерушісі қызметін атқарады.
Ол жауапкершілігімен, жұмысқа деген жоғары қабілеттілігімен, адалдығымен және парасаттылығымен ерекшеленеді.
Өзінің ғылыми-педагогикалық жетістіктерімен білім беру және ғылым салаларында жоғары құрметке ие.