By Асубаева Салтанат Калыкбаевна on 30.07.2020
Category: Дополнительные материалы

Өмірбаян

Асубаева Салтанат Қалыкбаевна 23 қаңтар 1968 ж. Алматы облысы Талдықорган қаласында туған, қазақ.

1975 -1985 жж. №20 орта мектебінде оқыған.  1985 ж. мектепті бітіргенсоң, В.И. Ленин атандағы Қазақ политехникалық институтына түсті. 1990 ж. «Тау-кен гидрогиологы» біліктілігін алды. 

 1990-1999 жж. ЖШС «Казвторчермет»-те техник болып жұмыс жасады.

1999 жылы Қ.И.Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетіне, «жалпы геология, минералогия және петрография» (қазіргі уақытты ГТПҚКІжБ) кафедрасының 1 санатты техник ретінде жұмысқа орналасты.

Қазіргі уақытты «Геологиялық картаға түсіру, пайдалы қазбалар кен орындарын іздеу және барлау» кафедрасында оқытушы болып жұмыс дасайды. Оқитын пәндері: Жалпы геология, Пайдалы қазба кен орындарын модельдеу, Пайдалы қазба кегн орындарын зертханалық әдіспен іздеу, Құрылымдық геология т.б.

2010 жылы «Найманжал алтын-сульфидті кен орнының тотығу аймағы және оның құрылу ерекшеліктері» (Орталық Қазақстан) тақырыбында кандидаттық диссертация қорғады.

Мамандығы: 25.00.11.- Геология, қатты пайдалы қазбалар кен орындарын іздеу және барлау; минерагения.

Ғылыми дәрежесі: геология және минералогия ғылымдарының кандидаты.

Ғылыми-тәжірибелік тәжрибесі 20 жылдан асады.

2003 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің гранттық қаржыландыруы бойынша ғылыми жобалармен айналысады.

Зерттеу бағыты: алтынның, сирек және сирек кездесетін кен орындарын зерттеу және олардың болашағын бағалау, ГАЖ (цифрландыру) бағдарламаларын қолдану арқылы осы кен орындарының қорларын есептеу.

35-тен астам ғылыми жұмыстың, 2 монографияның және 1 оқу-әдістемелік құралдың авторы.

Оның жетекшілігімен 5 магистрант диссертация қорғады.

- Пайдалы қазбалар кен орындарын геологиялық модельдеу жөніндегі маман;

- GGIS бағдарламаларының тәжірибелі қолданушысы: MapInfo, ArcGIS, Micromine;

- Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің магистратураға түсу үшін тест сұрақтарын дайындау жөніндегі сарапшысы. Сондай-ақ уран өндіруші кәсіпорындар үшін біліктілікті арттыру курстарын өткізеді (Қазақстан ядролық университетінің филиалы «Жоғары технологиялар институты» ЖШС).