Мен, Казбекова Гульнара Казбековна, 15.05.1953 жылы Қазақстан Республикасындағы Павлодар облысының Май ауданында дүниеге келдім.
1960 жылы мектепке барып, 1970 жылы "Орджоникидзе" атындағы орта мектепті бітірдім.
1970 жылы Семей медициналық институтының педиатрия факультетіне түсіп, 1976 жылы педиатр мамандығын бітірдім.
1976 жылдың тамыз айынан 1977 жылдың шілде айына дейін Павлодар қаласының Облыстық балалар ауруханасында интернатурасына өткен болатынмын.
1977 жылғы тамыз басында менің еңбек өмірбаяным Павлодар облысындағы Май ОАА (орталық аудандық ауруханада) бастауын алады.
1981 жылы Алматы қаласындағы Қазақ Педиатрия және балалар хирургиясы ҒЗИ клиникалық ординатураға түстім. 2007 жылға дейін Алматы қаласында жұмыс істедім, 2007 жылы Астана қаласында жаңадан ашылған "АБҰҒО" (ана мен бала ұлттық ғылыми орталығында) ғылыми жоспарлау және аналар мен балаларға көмек көрсетуді ұйымдастыру бөлімінің бастығы болып жұмысқа шақырылдым.
Қазіргі уақытта "Астана" медициналық университетіндегі НАҚ, "Медицина негіздері" кафедрасының доценті болып жұмыс істеймін.