By Алтынов Жархын Лесович on 13.05.2020
Category: Дополнительные материалы

Өмірбаян

Алтынов Жарқын Ілесұлы, 1968 жылдың 11 қаңтарында Шымкент облысы Сарыағаш ауданы Жылға станциясында дүниеге келдім.

1985 жылы Шымкент облысы Келес ауданы Абай селосындағы «Ленин жолы» атындағы орта мектепті аяқтадым.

Сол жылы С.М.Киров атындағы ҚазМУ-дың механика және қолданбалы математика факультетінің «Механика» мамандығы бойынша оқуға түстім.

1986 жылдың маусымында Кеңес Армиясы қатарына шақырылдым. Әскери қызметті Қызыл тулы Орта Азия әскери округінде (Қызылорда облысы Ленинск қ.) 1988 жылдың маусымына дейін атқардым.

1992 жылы Әл-Фараби атындағы ҚазМУ-ды аяқтап, «Механик, қолданбалы математик» біліктілігі берілді.

Сол жылы В.И.Ленин атындағы ҚазПТИ-дің аспирантурасының күндізгі бөліміне «Көтеру-тасымалдау және құрылыс-жол машиналары» мамандығы бойынша қабылданып, 1996 жылы ҚазҰТУ-дың аспирантурасын диссертациямды қорғауға ұсынылумен аяқтадым.

Аспирантурада оқып жүріп «Көтеру-тасымалдау машиналары және гидравлика» кафедрасында оқытушы лауазымында қосымша жұмыс істедім, ал аяқтаған соң аталған кафедрада еңбек жолымды жалғастырдым.

2000 жылы «05.05.06 – Тау-кен машиналары» мамандығы бойынша техника ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін іздену үшін даярланған диссертациямды қорғадым.

2002 жылдың сәуірінен Қазақстан Республикасы ҰҚК Академиясына аға ғылыми қызметкер лауазымына жұмысқа шақырылдым. 2003 жылдың қыркүйегінен әскери қызметке қабылданып, ҚР ҰҚК Академиясының ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлау бөлімінің бастығы лауазымына тағайындалдым.

2005 жылы «Көлік, тау-кен және құрылыс машиналарын жасау» мамандығы бойынша доцент ғылыми атағы берілді.

2009 жылы «05.05.06 – Тау-кен машиналары» мамандығы бойынша техника ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін іздену үшін даярланған диссертациямды қорғадым.

2011 жылы «Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету» мамандығы бойынша профессор ғылыми атағы берілді.

2012 жылдың ақпанында ҚР ҰҚК Академиясының оқу-әдістеме басқармасының бастығы лауазымына тағайындалдым.

2018 жылдың қаңтарында қызметтегі шектік жасқа жетуге байланысты запасқа шығарылдым. Запастағы ұлттық қауіпсіздік подполковнигімін.

2018 жылдың ақпанынан ҚР ҰҚК Академиясының оқу-әдістеме басқармасында профессор лауазымында жұмыс атқарудамын. Жұмыстың мекен-жайы: 050023, Алматы қ., «Нұр Алатау» мкр., Е.Рахмадиев көш., 1Б үйі, тел. 267-96-53.

70-тен аса ғылыми еңбектерім жарияланған, оның ішінде 7 өнертапқыштыққа иемін.

Ведомстволық медальдар мен төсбелгілермен, грамоталармен (оның ішінде ҚР БжҒМ) және алғыстармен марапатталғанмын.

Тұрақты мекен-жайым: 050009, Алматы қ., Розыбақиев көш., 96 үй, 62 п., тел. 375-12-51.