Бакиров Ахат Серікұлы, 1993 жылы 21 мамырда дүниеге келдім. 2011 жылы мектепті үздік бітіріп, Алматы энергетика және байланыс университетіне «Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар» мамандығы бойынша түсіп, оны 2015 жылы үздік бітірдім. Сол жылы «Мәскеу энергетикалық институты» ұлттық зерттеу университетін экономика мамандығы бойынша үздік бітірдім.
2015 жылы Алматы энергетика және байланыс университетінің магистратурасына түсіп, оны 2017 жылы үздік бітірдім.
2017 жылы мен қазір оқып жүрген Алматы энергетика және байланыс университетінде радиотехника, электроника және телекоммуникациялар бойынша докторантураға оқуға түсті. Докторлық диссертациясымның тақырыбы «Ақпараттық соғыстың заманауи нысандарына қарсы әрекет етудің теориялық негіздерін жасау».
Еңбек жолын 2016 жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Ғылыми-технологиялық паркінде кіші ғылыми қызметкер ретінде бастадым. Қазіргі уақытта мен Қазақстан Республикасы Ұлттық инженерлік академиясында ғылыми қызметкер болып жұмыс істеймін.
40-тан астам ғылыми және оқу-әдістемелік жұмыстардың, оның ішінде 4 монографияның және 1 оқу құралының авторы, Хирш индексі - 1.
Ғылыми қызығушылықтары: жасанды интеллект, жасанды нейрондық желілер, жоғары білім мәселелері, ақпараттық соғыс.