By Оразов Шамурат Байманович on 13.11.2019
Category: Дополнительные материалы

Өмірбаян

Мен Оразов Шамурат Байманұлы 1957 жылы 15 қазанда ҚР Нүкіс районында дүниеге келдім.  

1975-жылы Ломоносов атындағы орта мектепті бітірдім.

1975-1977 жылдары армия қатарында болдым.

1978 жылы Ташкент қаласындағы «Дене тәрбиесі» институтын бітірдім.

1993-1996 жылдар аралығында Мәскеу қаласы «Жасөспірімдер физиологиясы» институтында аспирант болдым және кандидаттық диссертациямды мезгілінен бұрын қорғап шықтым.

1996-2003 жылдары Нүкіс Мемлекеттік университетінде Дене тәрбиесі кафедрасының кафедра меңгерушісі болып қызмет атқардым.

2006-2007 оқу жылдары Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Өнер факультетінде декан орынбасары болып қызмет атқардым.

2009 жылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің 2009 жылғы 25-қыркүйектегі шешімімен педагогика ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесі берілді.

2011 жылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің 2011 жылғы 11-сәуірдегі шешімімен профессор атағын алдым. 170 тен астам ғылыми еңбектердің авторымын, соның ішінде 5-оқу құралы, 9-әдістемелік құралы, 5-монография және де ғылыми мақалалар.

2011ж Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі тарапынан «Қазақстан Республикасының ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төс белгісімен, 2012ж Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі тарапынан «Алғыс хат», 2014ж Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі тарапынан «Жоғары оқу орнының Үздік оқытушысы» төс белгісімен марапатталдым.

Ғылыми жобалардың авторымын, кандидаттық және магистрлік диссертация жұмыстарына жетекшілік жасаудамын.

Отбасылымын, 5 қызым, 4 немерем бар.