Сұлтанғазинов Сулеймен Қазиманұлы 1960 жылы 10 ақпанда Талдықорған облысы, Бөрлітөбе ауданы, Лепсі станциясында дүниеге келдім. 1967 жылдан 1977 жылға дейін Лепсі станциясындағы № 255 орта мектепте оқыдым. Әскери қызметке дейін Лепсі шеге зауатында сымтемір ораушысы болып жұмыс істедім, содан кейін Бөрлітөбе ПМК-2314 тас қалаушы, Бөрлітөбе АҰ "КСХТ", жұмысшы болып істедім.
1978-1980 жылдар аралығында Қарулы күштер әскері қатарында әскери қызмет атқардым.
1980 жылы Матай белгі беру және байланыс дистанциясының, Лепсі станциясы бойынша ПОНАБ - 3 электромонтер болып қабылдандым.
1980-1981 жылы Целиноград қаласының жолтехмектебінде ПОНАБ-3 электромеханик курсынан өттім. 1983-1986 жылдар аралығында Алматы темір жол көлігі техникумында "Автоматика, телемеханика және байланыс" мамандығы бойынша оқыдым.
1981-1987 жылдар аралығында Ақтоғай, Лепсі, Каратас станцияларында ПОНАБ-3 электромеханик, бригадир электромеханик, аға электромеханик болып жұмыс істедім.
1988-1993 жылы Алматы темір жол көлігі инженерлер институтында "Темір жол көлігіндегі автоматика, телемеханика және байланыс" мамандығы бойынша білім алдым. ЖОО бітіріп, 1993 жылы "Темір жол көлігіндегі автоматика, телемеханика және байланыс" кафедрасының ассистенті лауазымына қабылдандым.
Содан кейін электротехникалық факультетінің деканының орынбасары болып тағайындалдым (1994-1998). Кафедрада аға оқытушы болып жұмыс істеп жүріп, 05.22.08 – Тасымалдау үрдісін басқару (соның ішінде СОБ) сырттай аспирантурасын бітірдім. 2003 жылы техника ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін осы шифр бойынша "Теміржол көлігіндегі тасымалдау процесінің болжау әдісін жетілдіру" атты кандидаттық диссертация қорғадым. 2009 жылы "Аралас қозғалыс кезінде темір жолдың жоғарғы құрылымның тіреу мүмкіншілігін болжау" атты тақырыпта техника ғылымдарының докторы диссертациясын қорғадым.
2011 жылғы 13 шілдедегі Қазақстан Республикасының Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің шешімімен көлік мамандығы бойынша профессор ғылыми атағы берілді.
Қазіргі уақытта Қазақ қатынас жолдары университетінің "Көліктегі автоматтандыру және ақпараттық жүйелер" кафедра меңгерушісі қызметін атқарудамын. Әдістемелік және оқу құралдарын қоса алғанда 200-ден астам ғылыми еңбектерім бар.
Үйленгенмін бір ұл, төрт қызды тәрбиелеп отырмын.