Тыналина Гүлбаршын Бейсекқызы 1959 жылы туған, ұлты қазақ, Алматы қаласының тұрғыны.
Еңбек жолын 1977 жылы техникумды бітіргеннен кейін 1977 – 1989 жылдары Алматы қаласы жобалау институттарында техник, инженер, аға инженер қызметтерін атқарды.
1989-2001 жылдары Қазақстан Республикасы тау-металлургиясы еңбеккерлері кәсіподағының Орталық Комитетінде нұсқаушы, аға кеңесші, ұйымдастыру және халықаралық жұмыс бөлімінің меңгерушісі.
2001-2008 жылдары – Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Алматы қаласы бойынша бақылау және әлеуметтік қорғау департаментінің бөлім басшысы, директор орынбасары-бас мемлекеттік еңбек инспекторы;
2008-2011 жылдары – Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Алматы қаласы бойынша мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығының директоры;
2011-2012 жылдары – Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Алматы облысы бойынша бақылау және әлеуметтік қорғау департаментінің бөлім басшысы, басқарма басшысы.
2012-2016 жылдары - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің «Республикалық протездік-ортопедиялық орталық» АҚ президенты.
2016-2017 жылдары - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Алматы облысы бойынша бақылау және әлеуметтік қорғау департаментінің шаруашылық басшысы, бөлім басшысы.
2017 – б/к - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институты РМҚК-ның «Оңтустік» филиалынің директоры».
2010 жылы 24 ақпанында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министірлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті шешімімен техника ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесі берілді. Диссертация тақырыбы: «Еңбекті қорғау: Алматы қаласындағы құрылыс кәсіпорындарында жазатайым оқиғалардың пайда болуын бағалау және болжау».
2018 жылдан 17 мамырнаң халықаралық ақпараттандыру академиясының толық Мушесі болып сайланды.
1979 жылдан бастап үйленген, екі баласы, екі немересі бар.