Қасқатаева Бақыткүл Рахымжанқызы-педагогика ғылымдарының докторы, доцент. «2007 және 2019 жылдарғы ҚР ЖОО үздік оқытушысы» мемлекеттік грантының иегері .
Қасқатаева Б.Р. 1946 жылы 17 мамырда Қостанай облысы, Қостанай ауданы Ақсу аулында дүниеге келген. 1963 жылы Қостанай қаласының Ыбрай Алтынсарин атындағы №1 мектеп-интернатын бітірген.
1963-1968 ж.ж. С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінде оқып, «Математик, математика оқытушысы» мамандығына ие болған.
1968-1975 ж.ж. - Қостанай облысының орта мектебінің математика мұғалімі; 1975 ж. - Алматы қаласындағы ҚР-ның электронды есептеу орталығында инженер программист;
1975-2000 ж.ж. - Ыбрай Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институтының аға оқытушысы, доценті, кафедра меңгерушісі;
1997 жылы 13.00.02 - Математиканы оқыту теориясы мен әдістемесі мамандығы бойынша «Болашақ мұғалімдерді оқушылардың математикалық қабілеттерін дамытуға дайындау» тақырыбында кандидаттық диссертация қорғады. 2000 жылы педагогика мамандығы бойынша доцент ғылыми атағын алды.
2000-2009 ж.ж. - Қазақ Қыздар педагогикалық институтының математика кафедрасының доценті;
2010 жылы 13.00.08 – Кәсіптік білім беру теориясы мен әдістемесі мамандығы бойынша «Болашақ математика мұғалін кәсіби дайындауда оны4 әдістемелік құзырлылығын қалыптастыру» тақырыбында докторлық диссертация қорғады.
2010-2011 ж.ж. - Қазақ Қыздар педагогикалық институтының математика кафедрасының профессоры;
2011-2014 ж.ж. – Абай атындағы ҚазҰПУ жанындағы Магистратура және докторантура институтының Информатика, математика және білім беруді ақпараттандыру кафедрасының доценті;
2015-2020 ж.ж. – Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің математика кафедрасының профессоры;
2020-2023 ж.ж. – Абай атындағы ҚазҰПУ жанындағы Математика, физика және информатика институты МФжИОӘ кафедрасының доценті;
2023-24 оқу жылынан бастап Абай атындағы ҚазҰПУ, Математика, физика және информатика институты МФжИОӘ кафедрасының профессоры;
Қасқатаева Б.Р. «Оқыту мен тәрбиелеу теориясы мен әдістемесі» және «Кәсіптік білім беру теориясы мен әдістемесі» саласындағы жетекші зерттеуші ғалым. Математика педагогикасы бойынша 150-тан астам ғылыми-әдістемелік жұмыстардың авторы. Ол жазған оқу-әдістемелік құралдар, монографияларды педагогикалық жоғары оқу орындарының студенттері мен оқытушылары кеңінен қолданады.