By Казагулов Шархан Нагметович on 09.01.2024
Category: Дополнительные материалы

Өмірбаян

Қазығұлов Шархан Нағыметұлы (құжат бойынша Казагулов Шархан Нагметович) 1956 жылы Қызылорда облысының Арал қаласында туған. 1986-1994 жылдары Алматы облысының Балқаш және Іле аудандық газеттерінде бас редактор, 1994-2001 жылдары ҚР Премьер-министрі Баспасөз қызметінде консультант, 2001-2004 жылдары «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» ЖАҚ қоғамдық қатынастар департаментінің бас менеджері, 2004-2009 жылдары «Рауан» баспа үйі» ЖШС бас директоры–«Нұр-Астана» республикалық қоғамдық-саяси апталығының бас редакторы болды. 2009-2019 жылдары ҚР Президенті Баспасөз қызметінің сектор меңгерушісі, «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ жұртшылықпен байланыс департаментінің сарапшысы болып еңбек етті. 2019 жылдан бері зейнеткер.  

Қазақстан Журналистер одағы мен Қазақстан Журналистика Академиясы сыйлықтарының иегері, Халықаралық Ақпараттандыру академиясының академигі, Қазақстан Журналистер одағы Басқарма мүшесі, Халықаралық ПЕН-клуб мүшесі, Қазақстан Республикасы Мәдениет қайраткері, публицист-жазушы Ш.Қазағұлов – «Әлем әйнегіндегі әсемдік», «Дүбәра дүние», «Тоғыз тарау туынды», «Оңашадағы онлайн ойлар» (екі том), «Палитрасыз портреттер», «Футбол философиясының фрагменттері» публицистикалық кітаптары мен «Күлпет»  романының авторы. «Күлпет» романы 2022 жылы Қазақстанда бірінші рет өткізілген үздік романдар конкурсында «Меценат.кз» әдеби сыйлығының тұңғыш лауреаты атанды.

«Қазақстан Республикасы Конституцияның 20 жылдығы» мерекелік медалімен, «Қазақстан мұнайының 120 жылдығы», «Қазақстан мұнай өнеркәсібі кәсіподағына сіңірген еңбегі үшін» және шығармашылық «Лев Толстой» (ТМД елдерінің медалі) медалдарымен марапатталған.