Зигангиров Сергей Анатольевич 1972 жылы 21 наурызда Павлодар облысы, Павлодар қаласында дүниеге келген. Үйленген. Үш бала.
1991 жылы Павлодар монтаждау техникумын техник–механик мамандығы бойынша бітірді.
1991 жылы С. Торайгыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетіне оқуға түсті. 1996 жылы университетті «Құю өндірісінің машиналары мен технологиясы» мамандығы бойынша бітірді.
2000 жылдан 2002 жылға дейін Қазақ құқықтану және халықаралық қатынастар институтында «Құқықтану» мамандығы бойынша білім алды.
2002 жылдан 2004 жылға дейін Қазақ құқықтану және халықаралық қатынастар институтында «Экономика және кәсіпорынды басқару» мамандығы бойынша білім алды.
2016 жылы С. Торайгыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетін (магистратура) «Саясаттану» мамандығы бойынша әлеуметтік білім магистрі академиялық дәрежесімен бітірді.
Ауқымды жұмыс тәжірибесі бар.
1996 – 2001 ж.ж. – «Балалар техникалық мектебі» ММ меңгерушісі, оқу ісінің меңгерушісі.
2001 – 2005 ж.ж. - Қазақ құқықтану және халықаралық қатынастар институты, заң пәндерінің оқытушысы.
2002 – 2006 ж.ж. – «Павлодар облысының балалар мен жасөспірімдер ұйымдары қауымдастығының» атқарушы директоры, «Қазақстан жастарының конгресі» ЗТБ.
2005 – 2008 ж.ж. – «Томирис» ТК ҚБ, заң кеңесшісі.
2008 – 2009 ж.ж. – «Амега – Компани» ЖШС, заңгер.
2009 – 2014 ж.ж. – Павлодар облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының «Кәсіпкерлікті және инновацияларды дамыту орталығы» ШЖҚ КМК, инженер.
2014 – 2015 ж.ж. – «Тұрақты даму жөніндегі Орталық Азия ақпараттық желісі» ЗТБ, техникалық директор.
2015 – 2016 ж.ж. – «Қазақстан Алюминийі» АҚ, автокөлік шеберханасы, жөндеу және механикалық шеберханалар, шебер механик.
2016 – 2021 ж.ж. – «Қазақстан Алюминийі» АҚ, стандартты емес жабдықтар мен қызмет көрсету цехы, №3 автокөлік жөндеу учаскесі, бастығы.
2021 – 2022 ж.ж. – «Торайгыров университеті» КЕАҚ, инженерия факультеті, өндіріс және коммерцияландыру жөніндегі деканның орынбасары.
2022 – қазіргі уақытқа дейін – «Машина жасау» бағыты бойынша докторантурада оқу.
Атқарылған жұмыстар бірнеше рет марапатқа ие болды.
2003 жылы Павлодар қаласы әкімінің «Мемлекеттік жастар саясатын дамытқаны және қаланың қоғамдық өміріне белсене араласқаны үшін» құрмет грамотасымен марапатталды, 2003 ж., 29 қазан, Павлодар қаласының әкімі Б. Демеуов.
2003 жылы Қазақстан Жастар Конгресі Кеңесінің Төрағасы А.А. Орсариевтің Құрмет грамотасымен марапатталды.
2005 жылы «Қазақстан Республикасы Конституциясының 10 жылдығына байланысты жастар саясатын қалыптастыруға және жүзеге асыруға қосқан зор үлесі үшін» Павлодар қалалық мәслихатының құрмет грамотасымен марапатталды, қалалық мәслихаттың хатшысы В. Лебедь, 14 тамыз 2005 ж.
«Республикалық студенттік отрядқа 45 жыл» мерейтойлық белгісімен марапатталған.
2019 жылы «Қазақстан Алюминийі» АҚ Президенті Р. Романов «Үздік 5С учаскесі/үнемді өндіріс» номинациясы бойынша жеңімпаз дипломымен марапатталды.
2020 жылы Қазақстан Республикасының Металлургтер күніне орай «Қазпрофметалл» салалық тау-кен металлургия кәсіподағының Құрмет грамотасымен марапатталды, А. Нұралин, шілде.
Өзінің кәсіби деңгейін үнемі арттырып отырады.
2019 жылы «ERG кәсіпқойлар лигасында», Аймақтық үнемді технологиялар орталығында, Қарағанды қ., 2019 жылдың 11-13 қыркүйегінде оқудан өтті.
2020 жылы – «ERG кәсіпқойлар лигасы: ТҚКЖ көшбасшылары», оқыту, Аймақтық үнемді технологиялар орталығы, Қарағанды қ., 24-26 ақпан, 2020 ж.
12 еңбектің авторы/бірлескен авторы: оның ішінде 5 пайдалы модельге патент, индекстелмеген ғылыми конференцияларда 7 мақала.
Әскери міндетті, әскери атағы – лейтенант.
«А»,»В», «С», «Д, «Е» санатындағы жүргізуші.
«А», «Б», «В», «Г» санатты тракторлар мен өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы машиналарының жүргізушісі.