Шыныбекова Айжан Саханқызы, 1974 жылы 15 ақпанда Талдықорған облысы Көксу ауданының Талапты ауылында дүниеге келді. 1991 жылы Талапты орта мектебін алтын медальға бітірген. 1991 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінің (қазіргі ҚазҰПУ) филология факультетінің қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша оқуға түсіп, үздік бітірді.
1995 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінің күндізгі бөліміне аспирантураға оқуға түсіп, аяқтап, 1999 жылы 24 қарашада 10.01.02. – Қазіргі қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша «Ә.Тәжібаев позэиясының поэтикасы» тақырыбында кандидаттық диссертация қорғап шықты.
2008 жылы ЖАК шешімімен доцент ғылыми атағын алды. 2010 жылы 10.02.19 – тіл теориясы мамандығы бойынша докторлық диссертациясын аяқтап, қорғауға ұсынды. Докторлық диссертациясын Ш.Уалиханов атындағы Көкшетау МУ Д 14.61.27 диссоветінің эксперттік комиссиясына ұсынылды. Докторлық жұмыс бойынша 40-тан аса мақала жарияланды, оның 7-уі халықаралық жарияланымдар, 15 – Жоғары аттестациялық комиссия бекіткен тізім бойынша, 2 монографиясы шығарылды (10;15 б:т.).
Кандидаттық диссертация қорғауға дейінгі еңбектері – 7. Қорғаудан кейінгі еңбектерінің саны – 130. Олар - ғылыми мақалар, оқу құралдары,әдістемелік ұсыныстар, монографиялар.
2000 жылдан бастап Қазақ қатынас жолдар университетінің «Әлеуметтік пәндер» кафедрасында доцент міндетін атқарушы қызметін атқарды. 2002 жылдары академияда құрылған қазақ тілінен кандидаттық минимум қабылдау бойынша комиссия мүшесі болып қызмет етті, 2004 жылдан М.Тынышбаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясының алғашында «Тілдерді дамыту орталығы» атты қоғамдық ұйымының басшысы болып, оның толыққанды жұмыс істеуіне, Қазақстан Республикасының «Тілдер туралы Заңының», Қазақстан Республикасы Президентінің «2001-2010 жылдарға арналған Тілдерді қолдану мен дамыту» атты мемлекеттік бағдарламасының жүзеге асуына өзіндік үлес қосты. М.Тынышбаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясында 15 жыл бойы қызмет істеді. 2014 жылдан бастап 2019 жылға дейін Нархоз университетінде доцент қызметін атқарды.
Жалпы еңбек өтілі - 25 жыл, оның ішінде ғылыми-педагогикалық стажы – 23 жыл.
2019 жылдан бастап І.Жансүгіров атындағы ЖМУ «Шетел тілдері және аударма ісі» кафедрасының меңгерушісі қызметін атқарды. Педагогикалық қызмет еткен жылдардағы жоғары оқу орындарында дәріс берген тәжірибенің негізінде оқу-әдістемелік құралдар жазды.
Қауымдастырлған профессор ретінде «Қазақ тілі» (Алматы, 2003), «Мемлекеттік тілде іс жүргізуі» (Алматы, 2006), «Методические рекомендации по казахскому языку» (Алматы, 2010), «Дидактические материалы по казахскому языку (базовый минимум)» (Алматы, 2010), «Қазақ тілі» пәні бойынша деңгейлік оқытудың әдістемелік нұсқаулары (Алматы, 2011), «Қазақ тілі» пәні бойынша деңгейлік оқытудың әдістемелік нұсқаулары (Алматы, 2012), Қазақ тілі» пәні бойынша оқытудың C1 деңгейіне арналған оқу құралы (барлық мамандықтар үшін, Алматы, 2012), «Қазақ тілі» пәні бойынша оқытудың C2 деңгейі бойынша магистранттарға арналған оқу құралы (Алматы, 2012), «Драма кейіпкерлерінің сөйлеу әрекеті: әлеуметтік лингвистикалық және психолингвистикалық сипаты» (Алматы, 2011), «Драмалық сөйлесімнің прагмалингвистикалық сипаты» (Алматы, 2012) монографияларда докторлық ғылыми жұмысының кейбір тараулары берілген. Қазақ тілі бойынша (С1-C2 деңгейдегі студенттердің өздік жұмыстарына арналған оқу құралы, Алматы, 2013), «Кәсіби қазақ тілі» пәні бойынша практикалық сабақтарды орындауға арналған әдістемелік нұсқаулық (5B 051100 -Маркетинг және 5B 050700-Менеджмент; Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету, 5В090900 - Логистика; 5B 030100 – Құқықтану, 5В020200 – Халықаралық қатынастар мамандықтары үшін, Алматы, 2019), «Іскери қазақ тілі» пәні бойынша практикалық сабақтарды орындауға арналған әдістемелік нұсқаулық (Алматы, 2019) жаздым.
2019 жылы «Ұлттық код - прагматикалық талдау тұрғысынан (драмалық шығарма негізінде)» атты тақырыптағы ғылыми монографияны және «Іскери қазақ тілі» оқу құралын жазып баспадан шығарды. «Ұлттық код - прагматикалық талдау тұрғысынан (драмалық шығарма негізінде)» атты тақырыптағы ғылыми монографиясына және «Іскери қазақ тілі» оқу құралына авторлық куәлік алды.
2022 жылы «Драмалық сөйлесінің прагмалингвистикалық сипаты» атты тақырыптағы ғылыми монографияны 12 баспа табақ жазып баспадан шығарылды.
Рухани жаңғыру бағдарламасының аясында «Драма тіліндегі ұлттық кодтың бейнелену үдерістері» және т.б. көптеген мақала, ғылыми еңбектер жазып жариялап отырды. Рухани жаңғыру аясындағы жарияланған еңбектерге байланысты «Өрлеу» ұстаздарға арналған порталымен 17.02.2020 ж. – 17.03.2020 ж. аралығында ұйымдастырылған «Шығармашыл ұстаз» атты республикалық ұстаздар сайысына қашықтықтан қатысып, 1-ші орын иегері атанды.
«Шетел тілдері және аударма ісі» кафедрасы ШТҚc-321 тобының білімгерлері Тулеуханова Нұрсауле, Махамбетова Айгерим, Байтуманова Мадинаның «Қазақтың тұрмыстық болмысын ағылшын тіліне аударудың ерекшеліктері. (Рухани жаңғыру аясында) тақырыбындағы дипломдық жобасына ғылыми жетекшілік қызметін атқардым, барлық білімгерлер антиплагиаттан сәтті өтіп, қорғап шықты. Сол сияқты 2021 жылы сырттай бөлімде оқитын 15 білімгерлердің дипломдық жобаларына жетекшілік еттім, барлығы дерлік қорғап шықты.
«Тәуелсіз Қазақстанның үздік ұстаздары-2020» Республикалық байқауы іріктеу кезеңінің 30 қараша 2020 жыл хаттамасы негізінде, Қазақстан Педагогтар Қауымдастығы тарапынан, ҚР наградалар жөніндегі заңына сәйкес, ашық конкурстық жүйе бойынша, арнайы жасалған комиссия шешімімен «Ы.Алтынсарин» төсбелгісінің иегері атанды.
2022 жылы ҚР Оқу-ағарту Министрлігінің ақпараттық қолдауымен, Астана қаласы Білім басқармасының № 519 бұйрығы негізінде «Bilim-orkenieti» ұлттық инновациялық ғылыми- зерттеу орталығы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Жаңа Қазақстан: жаңғыру мен жаңару жолы» атты Қазақстан халқына жолдауын қоғамға кеңінен насихаттау мақсатындағы «Оқу-ағарту саласының үздік педагогі» атты республикалық байқауына қатысып, «Оқу-ағарту саласының үздік педагогі» төсбелгісімен және 1-дәрежелі дипломмен мараптталды.
Отбасында анасы – Шыныбекова Каукер - Ардақты ана, Алтын алқа, Еңбек Ері медалінің иегері, ұлы – Исмағзи Исатай Болатұлы – бүгінде Білім инновациялық лицейінің білімгері, 9 сыныпта оқиды.