By Абаева Гульдер Ивановна on 11.11.2026
Category: Дополнительные материалы

Өмірбаян

Экономика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, Қазақстан Республикасы Халықаралық ақпараттандыру академиясының мүшесі

Абаева Гүлдер Ивановна 1973 жылғы 25 ақпанда Қостанай облысы, Урицкий ауданы, Сұлу-Ағаш ауылында дүниеге келген. 1986 жылдан бастап Қостанай қаласында тұрады.

1988 жылы Қостанай қаласындағы №6 орта мектепті бітірді. Сол жылы механика-технологиялық техникумға оқуға түсіп, оны 1992 жылы ойдағыдай аяқтады.

1995 жылы А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің экономика-математикалық факультетіне «Экономика және менеджмент» мамандығы бойынша оқуға түсіп, 2000 жылы аталған факультетті «экономист-менеджер» біліктілігімен тәмамдады.

2001–2003 жылдары А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің заң факультетінде «Құқықтану» мамандығы бойынша білім алып, оқуын аяқтағаннан кейін заңгер біліктілігін иеленді.

2001 жылы Қарағанды қаласындағы Өңірлік даму институтына экономика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін ізденуші ретінде тіркелді. 2006 жылғы 1 желтоқсанда 08.00.05 – «Халық шаруашылығы экономикасы және басқару (салалар мен қызмет аялары бойынша)» мамандығы бойынша кандидаттық диссертациясын қорғады. 2007 жылғы 26 сәуірде экономика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін растайтын диплом алды.

Еңбек қызметі

1994 жылғы 15 тамыздан 1995 жылғы 14 ақпанға дейін Қостанай қаласындағы «Алаугаз» құрылыс акционерлік қоғамында бухгалтер болып жұмыс істеді.

1995 жылғы 16 ақпанда А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің «Алгебра және геометрия» кафедрасына зертханашы қызметіне қабылданды.

1998 жылғы 1 желтоқсанда «Жоғары математика» кафедрасының зертханашысы қызметіне ауыстырылды.

2000 жылғы 21 тамызда заң факультетінің хатшы-машинисткасы қызметіне ауыстырылды.

2001 жылғы 5 қыркүйектен бастап «Экономика және құқық» кафедрасының оқытушы-тағылымгері қызметіне тағайындалды.

2003 жылғы 25 тамызда кафедралардың қайта ұйымдастырылуына байланысты «Экономика және кеден ісі» кафедрасының оқытушысы қызметіне ауыстырылды.

Конкурстық іріктеуден өтуіне байланысты 2005 жылғы 1 қыркүйектен бастап «Экономика және бизнес» кафедрасының аға оқытушысы қызметіне тағайындалды.

2006 жылғы 17 сәуірден 1 қыркүйекке дейін Экономика және қаржы институты директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарының міндетін атқарды.

2007 жылғы 1 қыркүйекте «Экономика және бизнес» кафедрасының доценті міндетін атқарушы қызметіне ауыстырылды. Сол жылдың 1 қыркүйегінен бастап Экономика және қаржы факультеті деканының оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасарының міндеттері жүктелді.

Конкурстық іріктеуден өтуіне байланысты 2008 жылғы 1 қыркүйекте «Экономика және бизнес» кафедрасының доценті қызметіне тағайындалды. Сол жылдың 1 қыркүйегінен бастап «Банк ісі» кафедрасының меңгерушісі міндетін атқарды.

2009 жылғы 3 қыркүйекте бала күтімі жөніндегі демалыстан «Банк ісі» кафедрасының доценті қызметіне оралды.

2013–2016 жылдары М. Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университетінде «Бухгалтерлік есеп және қаржы» кафедрасының доценті қызметін атқарды.

2016 жылғы 1 қыркүйектен бастап А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің «Бухгалтерлік есеп» кафедрасының доценті болып жұмыс істеді.

2019 жылы екі кафедраның бірігуіне және бос лауазымдарға орналасу конкурсының нәтижесіне сәйкес Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінің «Бухгалтерлік есеп және басқару» кафедрасының қауымдастырылған профессоры міндетін атқарушы қызметіне тағайындалды.

2024 жылы бос лауазымдарға орналасу конкурсының нәтижесінде Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінің «Бухгалтерлік есеп және басқару» кафедрасының қауымдастырылған профессоры қызметіне тағайындалды.

Отбасылық жағдайы

1991 жылғы 27 қыркүйекте Қазақстан Республикасының азаматы, Қостанай облысы, Урицкий ауданы, Чехов атындағы кеңшардың тумасы Абаев Қанат Қайруллаұлымен (1966 жылғы 6 шілдеде туған) некеге тұрған. Жұбайының жұмыс орны – Қостанай қаласындағы «Абаев» жеке кәсіпкерлігі.

1992 жылғы 4 қарашада қызы Мұрзахметова Зауреш Қанатқызы дүниеге келген. Қостанай экономикалық колледжінің оқытушысы.

2009 жылғы 16 наурызда ұлы Қайрулла Уәлихан Қанатұлы дүниеге келген.