1982 ж. РФММ (РФМШ) бітіргеннен кейін Киров атындағы ҚазМУ Қолданбалы математика және механика факультетінде оқыды.
1987-1993 жж. КСРО Аспап жасау министрлігінің «Системотехника» ҒӨБ инженері
1993 ж. Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетінің Бухгалтерлік есеп және ақпаратттық технология факультетінде (2003) және Инженерлік-экономикалық факультетінде (2005-2006) оқу ісі жөніндегі декан орынбасары.
1994 жылы «Токо Шоку» университетімен (Жапония) бірлескен ғылыми жастар байқауларының екі дүркін жеңімпазы болды;
2000 ж. кандидаттық диссертация қорғады (08.00.13 - Экономикалық және математикалық әдістер).
2003 -2004 жж. – ҚР БжҒМ Жоғары аттестациялық комитетінің бас маманы, сарапшы. Саяси, философиялық, әлеуметтанулық, тарих ғылымдары және мәдениеттану салаларына жетекші.
2009-2011 жж. Экономикалық теория кафедрасының меңгерушісі (ҚазЭУ-Нархоз).
2010 ж. «Электрондық бизнестің атқарылуы мен дамуының экономикалық және теориялық аспектілері» тақырыбында докторлық диссертация қорғады.
2011 ж. бастап Нарықтық инфрақұрылым кафедрасының меңгерушісі.
2013-2015 жж. - Л.Б. Гончарев атындағы Қазақ автомобиль жолдары академиясының оқу- әдістемелік жұмыс жөніндегі проректоры.
2015 жылы – ҚР Білім және ғылым министрлігінің Мемлекеттік тапсырыс және ЖОО қызметін үйлестіру басқармасының басшысы (конкурспен).
2016 жылдың 1 қыркүйегінен Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Ақпараттық жүйелер және жасанды интеллект факультетіндегі Ақпараттық жүйелер кафедрасының профессоры м.а. және PhD БББ координаторы.
Экономикалық-математикалық және ақпараттық технологиялар бойынша 160 еңбегі бар, оның ішінде 2 оқулық, 20-дан аса оқу құралы: «Ақпараттық жүйелер теориясы», «Инновациялық бизнес» және т.б; 2 монография, 18 мақала SCOPUS, h-индексі – 6 және ҒЖБССҚК журналдарында 35-тен аса мақала жариялады.
- ҚР БҒМ 2006 және 2012 жж. ЖОО үздік оқытушысы мемлекеттік гранттарының иегері;
- «ҚР Алтын жұлдызы» және «Әділ Қазақстанның адал азаматы» марапаттарының иегері; • Халықаралық ақпараттандыру академиясының академигі;
- Еңбек сіңірген ғалым және білім беру қайраткері (Ресей ХША);
- Ресей жаратылыстану ғылымдары академиясының корреспондент мүшесі;
- Ғалымдардың Еуразиялық экономикалық клубы қауымдастығының мүшесі.
- 2010 ж. №82 сайлау учаскелік комиссиясының төрайымы.
- «Инновациялық жобаларды басқару» (Мәскеу, РФ ХША), «Интенсивті экономикалық курстар» (Лондон, Еуропалық экономика мектебі), «Әлеуметтік-экономикалық процестерді модельдеу» (Канзас университеті, АҚШ) курстары