Төлбасова Ботакөз Қарабекқызы – педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент
Мен Төлбасова Ботакөз Қарабекқызы 17.01.1969 жылы, Қызыл-Орда қаласында туылғанмын. 1985 жылы Шымкент қаласындағы №25 орта мектепті бітіргенмін. Отбасы жағдайым: Тульбасов Абубакр есімді ұлым бар.
1990-1992 жылдары – №24 орта мектепте, математика және информатика пәні мұғалімі (Шымкент қаласы);
1992-1994 жылдары – Облыстық педагог кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау институтының “Жаратылыстану пәндері және математика” кафедрасының аға оқытушысы (Шымкент қаласы);
1994-1997 жылдары – Х.А.Ясави атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің аспиранты (Шымкент қаласы);
1997-1999 жылдары – Облыстық педагог кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау институтының инновациялық технологиялар зертханасының меңгерушісі (Шымкент қаласы);
1999-2000 жылдары – Ы.Алтынсарин атындағы Қазақ білім академиясының Кәсіптік білім институтының ғылыми хатшысы (Алматы қаласы);
2000-2001 жылдары – Республикалық ғылыми-педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру институтының (РИПКСО РК), Информатика кабинетінің меңгерушісі (Алматы қаласы);
2001-2004 жылдары – Ы.Алтынсарин атындағы Қазақ білім академиясының Кәсіптік білім институтының директорының орынбасары (Алматы қаласы);
2004-2010 жылдары – М.Тынышбаев атындағы Қазақ көлік және коммуникация академиясының, жалпы кәсібибілім беру факультеті деканының орынбасары; Ақпараттық жүйелер кафедрасының доценті (Алматы қаласы);
2010 жылдан – қазіргі уақытқа дейін Абай атындағы ҚазҰПУ “Информатика және білімді ақпараттандыру” кафедрасының доценті (Алматы қаласы).
БІЛІМІ
Білім беру мекемесі |
Біліктілігі |
Аяқтау уақыты |
М.Әуезов атындағы ШПИ, Шымкент қаласы |
Математика, информатика жəне ЕТ мұғалімі |
1990 жыл |
Х.А.Яссави атындағы ШБ ХҚТУ, Аспирантура |
Зерттеуші |
1997 жыл |
ҒЫЛЫМИ ДӘРЕЖЕСІ
Ғылыми дәреже атауы |
Ғылым саласы |
Диплом берілген күні |
Педагогика ғылымдарының кандидаты |
13.00.01- Педагогика теориясы және тарихы |
№0007689 ҚР БҒМ ЖАК 2000 жылғы 29 қыркүйектегі шешімімен |
ҒЫЛЫМИ АТАҒЫ
Ғылыми атақтың атауы |
Берілген күні |
Доцент |
№ 0005675 ҚР БҒМ ЖАК 2004 жылғы 23 қаңтардағы шешімімен |
- Ақпараттық қауіпсіздік негіздері;
- Бағдарламалау тілдері мен технологиялары;
- Бағдарламалау;
- Жүйелік бағдарламалау;
- Білім берудегі цифрлық технологиялар;
ҒЫЛЫМИ-ӘДІСТЕМЕЛІК ҚЫЗМЕТІ:
Зерттеу тақырыбы: Педагог кадрлерді даярлау және білім беруде цифрлық технологияларды қолдану мәселелері.
Жарияланымдар саны: 60-ден астам ғылыми, оқу-əдістемелік еңбектері жарияланған, оның ішінде 1 монография, Scopus халықаралық ғылыми базада мақала - 3, h-индекс Хирша – 1. (соңғы 5 жариялым):
- Akhmetova, Z.A., Issabayeva, D.B., Rakhimzhanova, L.C., Tulbassova, B.К., Developing a Culture of Academic Integrity in Examinations in a Distance Learning Environment. International Journal of Information and Education Technology, 2022, 12(11), pp. 1229–1236, Scopus, Процентиль 43.
- Халықова К.З., Идрисов С.Н., Тульбасова Б.Қ. Педагог мамандардың цифрлық құзыреттілігін дамыту мәселелері// Абай ат.ҚазҰПУ хабаршысы. Педагогикалық ғылымдар сериясы №3(75), 2022. 149-156 бб.
- Тульбасова Б.Қ., Салыкова А.Н. Цифрлық білім ресурстарын орта мектепте қолдану ерекшеліктері. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршы, «Физика-математика ғылымдары» сериясы, №2, 2020, 227-231 б.
- Тульбасова Б.Қ. Функция графигін тұрғызуда MathCad компьютерлік жүйесін қолдану әдістемесі. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршы, «Физика-математика ғылымдары» сериясы, №1, (65), 2019, 321-326 б.
- Тульбасова Б.К. Вопросы внедрения цифровых образовательных ресурсов при подготовке будущих учителей. Вестник КазНПУ им.Абая, Серия «Физико-математические науки», №2, (62), 2018, стр. 187-190
МАРАПАТТАР:
- Университеттің дамуына қосқан үлесі үшін "Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетіне 90 жыл" мерейтойлық медалімен марапатталды. Куəлік №868 13.12.2018 ж.