Жауыт Алғазы 12.08.1978 жылы дүниеге келген. Қазақстан Республикасының азаматы. Ұлты: қазақ.
2009 жылы Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің Өнеркәсіптік инженерия институтын 5В071200 – «Машина жасау» мамандығы бойынша.бакалавр академиялық дәрежесімен бітірді.
2010 жылдан 2012 жылға дейін Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінде 6М071200 - «Машина жасау» мамандығы бойынша магистратурада оқыды, оны 2012 жылы «Техника және технологиялар магистрі» академиялық дәрежесімен бітірді.
2012 жылдан 2014 жылға дейін М.Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясының «көлік құрылысының құрылымдары» кафедрасының оқытушысы.
2012 жылдан 2015 жылға дейін Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінде 6D071200 – «Машина жасау» мамандығы бойынша докторантурада оқыды. Докторантурада оқу барысында келесі жоғары оқу орындарында шетелде тағылымдамадан өтті: 1 ай Бельско-Бьяла университетінде (Польша), 24.05.2014 – 24.06.2014 және 1 ай Бельско-Бьяла университетінде (Польша) 11.12. 2014 - 14.01.2015 ж.
2015 жылы Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің диссертациялық кеңесінде 6D071200 – «Машина жасау» мамандығы бойынша докторлық диссертациясын қорғады.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің 2016 жылғы 11 наурыздағы шешімімен (№ 233 бұйрық) 6D071200 – Машина жасау мамандығы бойынша философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесі берілді.
2014-2018 жылдары – Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық ғылыми-зерттеу техникалық университетінің «Қолданбалы механика және машиналарды жобалау негіздері» кафедрасының аға оқытушысы.
2018-2020 жылдары Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінің Телекоммуникациялар және ғарыштық техника институты «Электроника және робототехника» кафедрасының доценті.
2021-2025 жылдары – Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінің Телекоммуникациялар және ғарыштық техника институты «Электрондық инженерия» кафедрасының профессоры.
2021 жылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің 2021 жылғы 15 наурыздағы шешімімен (№ 238 бұйрық) 05.02.00 – Машина жасау және машинатану мамандығы бойынша доцент (доцент) ғылыми атағы берілді. 2025 жылдың 30 қаңтарында Халықаралық ақпараттандыру академиясының толық мүшесі болып сайланды.
Жауыт Алғазы Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ жанындағы «Машина жасау, машиналар мен жабдықтардың цифрлық инженериясы» мамандығы бойынша диссертациялық кеңестің мүшесі. Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманың Ұлттық орталығының сарапшысы, «Жетілдірілген өндіріс, цифрлық және ғарыштық технологиялар» басымдығы бойынша Ұлттық ғылыми кеңестің мүшесі, «Механика және металл өңдеу, геофизика және технология» кадрлар даярлау бағыттары бойынша республикалық оқу-әдістемелік кеңесінің мүшесі. 2017 жылдан қазіргі уақытқа дейін Халықаралық Мариинский академиясының ғылыми-педагогикалық ынтымақтастығы «Техникалық және қолданбалы ғылымдар мен халық шаруашылығы салаларының жалпы және кешенді мәселелері» бағытының ғылыми хатшысы.
2024 жылғы «ЖОО үздік оқытушысы» мемлекеттік силығының иегері.
150-ден астам ғылыми еңбектің, 3 монографияның, 4 оқулық пен 4 оқу-әдістемелік құралының, 1 патенттің, 3 авторлық куәліктің авторы. Оның ішінде 80 нен астамы Web of Science және Scopus дерекқорларында индекстелген журналдардағы ғылыми жарияланымдар.. Хирш шкаласы бойынша дәйексөз индексі = 7.