27 февраля 2026

Дүниежүзілік үкіметтік емес ұйымдар күнімен құттықтаймыз!

Құрметті әріптестер!

Халықаралық ақпараттандыру академиясы (ХАА) атынан Сіздерді Дүниежүзілік үкіметтік емес ұйымдар күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

 

ҮЕҰ секторы — азаматтық қоғамның қозғаушы күші, әлеуметтік бастамалардың тірегі, қоғам мен мемлекет арасындағы сенімді көпір. Сіздердің жанашырлыққа, әділдікке және тұрақты дамуға негізделген еңбектеріңіз еліміздің өркендеуіне зор үлес қосуда.

Сіздер идеяны нақты іске, бастаманы нәтижеге, ал сенімді — қоғамдық игілікке айналдырып келесіздер. Бұл — кәсібилік пен жауапкершіліктің, табандылық пен шынайы азаматтық ұстанымның көрінісі.

Баршаңызға мықты денсаулық, толағай табыс, серіктестер сенімі мен жаңа мүмкіндіктер тілейміз! Жобаларыңыз сәтті жүзеге асып, бастамаларыңыз кең қолдау тапсын!

Ізгі ниетпен,
ХАА дирекциясы