29 декабря 2025

"1414 арқылы ақылы қызметтер": Мемлекеттік корпорация мәлімдеме жасады

Кейбір БАҚ-та "Азаматтарға арналған үкіметтің" 1414 бірыңғай байланыс орталығы арқылы ақылы қызметтер көрсететіні туралы ақпарат жарияланды. 

Осыған байланысты келісіні хабарлаймыз.
Азаматтардан ешқандай төлем алынбайды. Мәселе тек мемлекеттік органдарға қатысты. Мақсат — жекелеген колл-орталықтарды құру емес, азаматтармен өзара байланыс орнатудың бірыңғай арнасын қалыптастыру. Барлық өтініштер 1414 бірыңғай байланыс орталығында жинақталатын болады. 
Бұл ретте басқа мемлекеттік органдар өз колл-орталықтарының жұмысын оңтайландырып, қажет болған жағдайда 1414 орталығына ақылы негізде, азаматтардың емес, өз қаражаты есебінен қосыла алады.