29 июля 2026

Шын жүректен құттықтаймыз!

Халықаралық ақпараттандыру академиясы Джандосова Зайтуна Кариповнаны республикалық патриоттық «ЖЫЛДЫҢ ҮЗДІК МАМАНЫ» байқауында жеңімпаз атанып, «Жылдың үздік маманы» құрметті атағына ие болуымен шын жүректен құттықтайды!

 

Бұл жоғары марапат – Сіздің көпжылдық қажырлы еңбегіңіздің, кәсіби шеберлігіңіздің, өз ісіңізге деген адалдығыңыздың және ғылым, білім мен қоғамдық қызметтің дамуына қосқан зор үлесіңіздің айқын дәлелі.

Сізге зор денсаулық, отбасылық амандық, шығармашылық шабыт, толағай табыстар, жаңа жетістіктер мен кәсіби биіктер тілейміз. Еңбегіңіз әрдайым ел игілігіне қызмет етіп, жаңа белестерді бағындыруға жол ашсын!

👏 Жетістіктеріңізбен мақтанамыз! Алар асуларыңыз көп, мерейіңіз үстем болсын!