15 апреля 2026

РЕСМИ ХАБАРЛАНДЫРУ

Құрметті «Халықаралық ақпараттандыру академиясы» ҚБ мүшелері мен серіктестері!

Қазіргі уақытта алаяқтық жағдайлары тіркелді.

 

Белгісіз тұлғалар:

  • «ХАА» ҚБ Дирекциясы қызметкерлері ретінде таныстырады;
  • бөтен фотолар мен жалған нөмірлерді қолданады;
  • «Министрліктен сұрақ бар» деп шұғыл хабарласуды сұрайды.

РЕСМИ ТҮРДЕ:

  • бұл хабарламалардың «ХАА» ҚБ-ға қатысы ЖОҚ;
  • қызметкерлер белгісіз нөмірлерден мұндай байланыс жасамайды;
  • бұл — алаяқтық әрекеттер.

СІЗДЕРДЕН ӨТІНЕМІЗ:

  • кері қоңырау шалмаңыздар, байланысқа шықпаңыздар;
  • жеке мәліметтерді бермеңіздер және төлем жасамаңыздар;
  • бірден Дирекцияға хабарлаңыздар.

Академия құқық қорғау органдарымен жұмыс жүргізуде.

Назарларыңызға рақмет!

"ХАА" ҚБ Дирекциясы