02 апреля 2024

Қазақстан үшін азаматтық қоғам (CS4K)

Соғыс және бейбітшілік репортаждары институты (IWPR) және "Ұлттық және халықаралық дамыту бастамалары институты (ҰХДБИ)" ҚҚ Еуропалық Одақ қаржыландыратын "Қазақстан үшін азаматтық қоғам (CS4K)" жобасы аясында тренинг ұйымдастыруда.

Тренингтердің мақсаты - жергілікті АҚҰ-ның адвокациялық қызмет саласындағы әлеуетін арттыру және өзгерістерді ілгерілету бойынша жергілікті қоғамдастықпен жұмыс істеу, сондай-ақ ұйымдар арасында тәжірибе алмасу.
Тренинг қазақстандық құқық қорғаушыларға, белсенділерге, азаматтық қоғам өкілдеріне арналған.
Іс-шара Алматы мен Астана қаласында өтеді. Қазақстанның басқа өңірлерінен қатысушылар үшін тренинг өткізу кезеңінде Алматы/Астана қалаларында жол жүру және тұру шығыстары өтеледі.
Қашан?
3-14 мамыр 2024 - Алматы
20-21 мамыр 2024 - Астана
Тренингке қатысуға өтінім беру үшін https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSfpRJnUNx6_PR19ETabsmB_TUTP3ydgnTJgNQBBHMZUAaHiZQ/viewform?usp=sharing 
осы нысанды 2024 жылғы 10 сәуірде сағат 18:00-ге дейін (Алматы бойынша) толтыруларыңызды сұраймыз.
Орындар саны шектеулі – осыған байланысты қатысуға өтінімдерді іріктеу комиссиясы өткізілетін болады!
Іріктеу нәтижелері өтініш формасында көрсетілген электрондық поштаға жіберіледі.
Жобаның мақсаты - азаматтық қоғамның күш-жігері арқылы Қазақстанда бостандықтар мен құқықтарды ілгерілету.