«ХИМИЯ ҒЫЛЫМЫ МЕН ХИМИЯЛЫҚ БІЛІМ БЕРУДІҢ ЗАМАНАУИ АСПЕКТІЛЕРІ: ТЕОРИЯСЫ ЖӘНЕ ПРАКТИКАСЫ»
х.ғ.д., профессор, МАИН және ҚРҰҒА академигі Н.А.Бектеновтың және х.ғ.д., профессор, РЖА корреспондент мүшесі Г.И.Мейірованың 70 – жылдық мерейтойларына арналған ІІI Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция
Алматы қ., 15-16 мамыр 2024 ж.
Сіздерді 2024 жылдың 15-16 мамыр аралығында «Химия ғылымы мен химиялық білім берудің заманауи аспектілері: теориясы және практикасы» тақырыбындағы х.ғ.д., профессор, МАИН және ҚРҰҒА академигі Н.А.Бектеновтың және х.ғ.д., профессор, РЖА корреспондент мүшесі Г.И.Мейірованың 70 – жылдық мерейтойына арналған ІІI Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысуға шақырамыз.
Конференцияның мақсаты – ғалымдарды, докторанттарды, магистранттар мен студенттер арасындағы ғылыми байланыстарды кеңейту және жас ғалымдардың шығармашылық әлеуетін дамыту.
Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.