<< Назад

Қалай ХАА мүшесі атануға болады?

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АҚПАРАТТАНДЫРУ АКАДЕМИЯСЫ (ХАА) келесі секциялар бойынша толыққанды мүшелердің (академиктердің) және корреспондент-мүшелердің бос орындарына
КОНКУРС ЖАРИЯЛАЙДЫ*:

 

- Ақпараттық технологиялар мен коммуникациялар (7; 8),

- Экономика, өнеркәсіп, ақпараттық-коммерциялық қызмет (8; 10),

- Экология, медицина (9; 5),

- Жаратылыстану мен техниканың ақпараттық-кодтық мәселелері (7; 9),

-Әлемдік қоғамдастықтың ақпараттық-рухани жаңғыруы (5; 7) ,

- Геоақпараттық технологиялар (8; 7) ,

- Жүйелік тұжырымдамалар мен қосымшалар (6; 8).

 

ХАА-на мүшелік сізге не береді?

 

Конкурсқа қатысу үшін келесі құжаттар тапсырылады:

  1. ХАА Президенті Ә.Ә. Әшімов атына конкурсқа қатысу туралы өтініш;
  2. Сауалнама;
  3. Жоғары оқу орнын бітіргені, ғылыми дәреже, ғылыми атақ берілгені туралы дипломдардың көшірмелері;
  4. 3 х 4 өлшемді екі фотосурет (түрлі-түсті);
  5. Төлқұжат немесе паспорттың көшірмесі (ЖСН міндетті);
  6. ХАА мүшелерінен ұсынымдар мен қолдаухаттар (2-3 кем емес);
  7. Кіру жарнасын төлеу туралы түбіртек (ХАА деректемелері)

Толыққанды мүшелердің (академиктердің) бос орындарына ие болу үшін конкурсқа ғылым докторлары (және PhD докторлары), белгілі мемлекет және саяси қайраткерлер қатыса алады; корреспондент-мүшелердің бос орындарына ие болуға – ғылым кандидаттары мен магистрлері, сондай – ақ жоғары білікті мамандар мен кәсіпкерлер; адъюнкттердің бос орындарына ие болуға - жоғары білімі бар мамандар: бакалаврлар мен магистранттар қатыса алады.


Конкурсқа құжаттар : келесі мекенжай бойынша қабылданады: A05 A2T4, ҚР, Алматы қ., Абылай хан даңғылы 79/71, 311 кеңсе, 3 қабат, Халықаралық Ақпараттандыру Академиясы (ХАА).

Анықтама телефондары:+7 (727) 9732816, +7 700 9732816
E-mail: info@academy.kz, main.kazakhstan@mail.ru
Веб-сайт: http//www.academy.kz


**Жақшаның ішінде: бірінші сан – толыққанды мүшелікке бос орындар саны, екінші сан – корреспондент-мүшелікке бос орындар саны..