20 Ақпан 2025

2025 жылға арналған ҮЕҰ-ға мемлекеттік гранттар беру конкурсының басталуы туралы

«Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша үкіметтік емес ұйымдарға мемлекеттік гранттар беру конкурсына өтінімдер қабылдаудың басталғаны туралы хабарлайды.

 

Конкурс ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің 2025 жылғы 11 ақпандағы №58-НҚ «Үкіметтік емес ұйымдарға 2025 жылға арналған мемлекеттік гранттардың басым бағыттарының тізімін бекіту туралы» бұйрығына, «Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс туралы, стратегиялық серіктестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырыс туралы, Қазақстан Республикасындағы үкіметтік емес ұйымдарға гранттар мен сыйлықақылар туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 12 сәуірдегі №36 Заңына және Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2022 жылғы 26 қыркүйектегі №406 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік гранттарды қалыптастыру, беру, мониторингі  және тиімділігін бағалау қағидаларына сәйкес өткізіледі.  

Конкурстың басым бағыттары:

  1. Инклюзивті қоғамды дамыту;
  2. Ауылдағы азаматтық бастамаларды дамыту;
  3. Азаматтардың құқықтарын қорғау және қоғамдағы құқықтық мәдениетті арттыру жөніндегі шаралар ұйымдастыру;
  4. Төтенше жағдайларда және ТЖ салдарын жоюда волонтерлікті дамыту;
  5. «Таза Қазақстан» акциясы аясында экологиялық волонтерлікті дамыту;
  6. Медицина саласындағы волонтерлікті дамыту;
  7. Тарих және мәдениет саласындағы волонтерлікті дамыту;
  8. Әлеуметтік волонтерлікті дамыту;
  9. Зооволонтерлікті дамыту.

Гранттар орта мерзімді және жыл сайынғы қаржыландырумен 2 жылға есептелген. Гранттардың сомасы әр жылға 20 млн-нан 30 млн теңге шамасында. Конкурсқа тек ҮЕҰ Дерекқорында тіркелген үкіметтік емес ұйымдар ғана қатыса алады.

Өтінімдер 2025 жылғы 18 ақпаннан 11 наурызға дейін 15 жұмыс күні ішінде Астана уақыты бойынша сағат 18:30-ға дейін қабылданады.

Өтінімдер мына мекенжай бойынша пошта арқылы немесе қолма-қол тапсырылады: Астана қ., Қабанбай батыр даңғылы, 11/5 ғимараты, 5 қабат, 504/1 кабинет, пошта индексі 010000, мемлекеттік гранттың таңдалған басым бағытын, өтінім берушінің атауын және байланыстарын көрсете отырып.

Өтінімдер сондай-ақ WinRar, WinZip мұрағатталған бір файлда PDF және MS Word форматында Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс. электрондық поштасына электрондық форматта жолдануы мүмкін, мемлекеттік гранттың таңдалған басым бағытын, өтінім берушінің атауын және байланыстарын көрсете отырып.

Конкурс туралы толық ақпаратты және жобаларға қойылатын талаптарды https://cisc.kz/ сайтымыздың «Гранттар» => «Гранттар туралы хабарландырулар» бөлімінен табуға болады.

Байланыс ақпараты:

Өтінімдерді беру мәселелері бойынша: +7 (7172) 79 08 72, 79 04 31

Өтінімдерді толтыру мәселелері бойынша: +7 (7172) 79 08 71, 79 08 03, 79 08 07, 79 08 28

Электрондық пошта: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.