19 Сәуір 2024

Президент ENU профессоры Серік Негимовты мерейтойымен құттықтады

Бүгін ENU профессоры Серік Негимов 75 жасқа толып отыр. Елімізге белгілі ғалымға ҚР Президенті Қасым - Жомарт Тоқаев құттықтау хатын жолдады.[www.facebook.com]

Оны ҚР ғылым және жоғары білім вице-министрі Куаныш Ергалиев табыстады.
«Жарты ғасырдан астам еңбек жолыңызда отандық әдебиеттану ғылымының жаңа белеске көтерілуіне сүбелі үлес қостыңыз. Ұлттық мәдени байлығымыздың қайнар көзі - қазақтың жыршы-жыраулары, би-шешендері қалдырған асыл мұраларының философиялық мәні мен мазмұнын ашып, жан-жақты зерттеп, бүгінгі ұрпаққа жеткіздіңіз. Қазіргі заманғы ақындардың поэзиясына тереңнен ден қойып, өлеңнің теориясы мен көркемдік сипатын көрсете білдіңіз» - делінген ҚР Президентінің құттықтау хаттында.
Көрнекті ғалым Серік Негимов ENU-да 2005 жылдан бастап еңбек етеді. Профессор осы жылдар аралығында мыңнан астам шәкірт тәрбиеледі. Оның табанды ғылыми ізденістері арқасында университет жанындағы «Абай академиясы» ғылыми-зерттеу институтында тың кітаптар жарық көрді.
Ғалымды құттықтап, шәкірт тәрбиелеу жолында күш-қуат тілейміз!
Толығырақ https://enu.kz/kz/news/454