19 Сәуір 2024

ҚАРАҒАНДЫ БӨКЕТОВ ЗЕРТТЕУ УНИВЕРСИТЕТІНЕ ҚР ҰЛТТЫҚ ҒЫЛЫМ АКАДЕМИЯСЫНЫҢ АКАДЕМИКТЕРІ КЕЛДІ

2024 жылдың 16 сәуірінде ҚР Ұлттық Ғылым академиясының академиктері Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды зерттеу университетінде болды. [www.facebook.com]

Ғалымдар ҚР ең ірі жоғары оқу орындарының бірі - Бөкетов университетіне зерттеу университеті мәртебесін берудің маңыздылығын атап өтті. ҚР Президенті жанындағы Ұлттық Ғылым академиясының директорлар кеңесінің мүшесі К. Құрманәлиевтің айтуынша, өңірлік ғылыми қызметті дамыту және университеттік ғылымды жаңа деңгейге трансформациялау ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың тапсырмалары аясындағы ең өзекті бағыттардың бірі болып табылады. Ұлттық құрылтай отырысында еліміздің барлық әлеуметтік-экономикалық бағыттарына озық зерттеу әзірлемелерін енгізу маңызды мәселе ретінде аталып өткендігі белгілі. ҚР ҰҒА академигі Б. Омаров Бөкетов университетінің жаңа зерттеу мәртебесі университеттің бүкіл профессор-оқытушылар құрамының, сондай-ақ Бөкетов университеті басшылығының еңбегі екенін атап өтті және бұл ел дамуының негізгі драйверлерінің бірі ретінде өңірлік жоғары мектепті дамытудың маңыздылығын көрсетеді.