23 Қараша 2026

Бизнеске арналған консалтинг апталығы – 2026 (CW4B): Бизнес – 2027: шешімдерден нақты іске асыруға дейін

Орталық Азияның бизнес иелерін, жоғары буын басшыларын және консалтинг саласының мамандарын біріктіретін жыл сайынғы Consulting Week for Business 2026 (CW4B) конференциясына шақырамыз!

 

CW4B 2026 конференциясы бизнестің өзекті сын-қатерлеріне, стратегиялық басымдықтарына және компанияларға өзгерістерге бейімделуге, қызмет тиімділігін арттыруға әрі өсудің жаңа мүмкіндіктерін қалыптастыруға көмектесетін практикалық басқарушылық шешімдерге арналады.

Биылғы конференцияның басты тақырыбы:

«Бизнес – 2027: шешімдерден нақты іске асыруға дейін – Орталық Азиядағы өсім, тиімділік және жаңа мүмкіндіктер!»

🗓️ Өткізу күндері: 2026 жылғы 25–26 қараша

🌐 Форматы:

- 25 қараша – онлайн форматта;
- 26 қараша – AlmaU (Almaty Management University) университетінде офлайн форматта және онлайн трансляция арқылы.

💰 Қатысу шарттары: ерте тіркелген қатысушылар үшін тегін.

💡 Конференция барысында сіз:

- Өңірлік және халықаралық деңгейдегі менеджмент пен консалтинг саласының жетекші сарапшыларының баяндамаларын тыңдай аласыз;
- 2027 жылға арналған бизнестің практикалық міндеттерін талқылайсыз: табыстылықты арттыру, шығындарды басқару және еңбек өнімділігін көтеру;
- Цифрлық технологияларды, жасанды интеллектіні және менеджмент-консалтинг саласында ЖИ-ді жауапкершілікпен пайдалану кодексін қолдану тәжірибесімен танысасыз;
- Бизнес қауіпсіздігіне қатысты өзекті мәселелерді, заңнамадағы, салық жүйесіндегі және реттеуші ортадағы өзгерістерді талқылайсыз;
- Басқарушылық құзыреттерді дамыту, команданың әлеуетін арттыру және жаңа нарықтарға шығу жолдарын зерделейсіз;
- Корпоративтік стратегиялардың басым бөлігінің неліктен қағаз жүзінде қалып қоятыны туралы панельдік пікірталасқа қатысасыз;
- Нарық көшбасшыларымен еркін пікір алмасып, пайдалы кәсіби байланыстар орнатып, кофе-брейк аясында нетворкинг жасай аласыз.

🎁 Белсенді қатысушыларға арнайы сыйлық!

Конференцияның әр күнінде белсенді қатысушылар арасында Орталық Азия Консультанттар палатасының жетекші сарапшыларынан 5 тегін консультация ойнатылады.

Талқылауға белсенді қатысып, сұрақ қойған әрбір қатысушының сыйлық иегері атануға мүмкіндігі бар!

📍 Қатысу үшін төмендегі сілтеме арқылы тіркеліңіз:

https://consulting4business.kz/