Бұл мереке — еңбегі қайсарлықты, төзімділікті, жауапкершілікті және нағыз командалық рухты талап ететін, батыл да абыройлы мамандық иелеріне деген құрметтің белгісі.
Тау-кен саласында еңбек етіп жүрген баршаңызға зор денсаулық, амандық, қауіпсіз еңбек, тұрақтылық және кәсіби жетістіктер тілейміз!
Әрбір жұмыс күніңіз ертеңгі күнге деген сенім мен жаңа мүмкіндіктерге толы болсын. Ал шаңырақтарыңызда әрдайым жылулық, сүйіспеншілік пен жақындарыңыздың қуанышы орнасын.
Шахтер күні құтты болсын! Еңбектеріңіз жемісті, берекелеріңіз мол, аспандарыңыз ашық болсын!
Құрметпен,
ХАА Дирекциясы



