Абайдың даналығы мен тағылымы – халқымыздың баға жетпес рухани қазынасы. Оның білім мен ғылымға, еңбекке, адамгершілікке, елдік пен бірлікке үндеген ойлары бүгінгі таңда да өз маңызын жоғалтқан жоқ.
Ұлы Абайдың өнегелі мұрасы әрқайсымызға ізденіс пен кемелдікке ұмтылуға, білім мен ғылымды дамытуға, қоғам игілігіне қызмет етуге шабыт берсін.
Баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, шығармашылық табыс пен жаңа жетістіктер тілейміз!
Абай күні құтты болсын!
Абай мұрасы – ұрпаққа аманат, ұлтқа мәңгілік қазына!
Ізгі ниетпен,
ХАА Дирекциясы



