09 Мамыр 2026

Ұлы Жеңіс күнімен құттықтаймыз!

Құрметті Халықаралық ақпараттандыру академиясының мүшелері!

Сіздерді Ұлы Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

 

9 мамыр — ерлік пен батырлықтың, отансүйгіштік пен бірліктің жарқын белгісі. Бұл күн — бейбіт өмір сыйлаған ардагерлеріміздің өшпес ерлігіне тағзым ететін қасиетті мереке. Біз Отан үшін жанын қиған батырлардың рухына әрдайым құрмет көрсетіп, олардың қаһармандығын мақтан тұтамыз.

Ұлы Жеңістің рухы ұрпақ санасында мәңгі сақталып, ел бірлігі мен татулығын нығайта берсін. Сіздерге зор денсаулық, отбастарыңызға амандық, еңбектеріңізге табыс, елімізге тыныштық пен береке тілейміз!

Ізгі құрметпен,
ХАА Дирекциясы