08 Мамыр 2026

«Қазақстанның жоғары мектебі мен ғылымы тұлғалар жүзінде – XXI ғасыр»

Құрметті Халықаралық ақпараттандыру академиясының мүшелері!

Қазақстан ғылымының тарихын сақтау және академик мұрасын дамыту мақсатында жарық көретін «Қазақстанның жоғары мектебі мен ғылымы тұлғалар жүзінде – XXI ғасыр» энциклопедиялық басылымының мерейтойлық 10-томын дайындау жалғасуда.

 

Көптеген өтініштерге байланысты материал қабылдау мерзімі 2026 жылғы 20 мамырға дейін ұзартылды.

Сіздерді жобаға қатысып, өзіңіздің:
▪️ өмірбаяныңызды;
▪️ ғылыми және кәсіби жолыңызды;
▪️ ғылым мен білім саласына қосқан үлесіңізді ұсынуға шақырамыз.

Басылым Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы қорына, еліміздің жетекші жоғары оқу орындарының кітапханаларына және электрондық ғылыми қорларға жолданады.

Қатысу үшін төмендегі материалдарды жіберу қажет:
1️⃣ Өмірбаян (2–2,5 бет, Word);
2️⃣ 3–5 фотосурет (jpg);
3️⃣ Материалдарды келесі e-mail мекенжайына жолдау:
📩 Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

Барлық материалдар кәсіби редакциялау, қазақ, орыс және ағылшын тілдеріне аудару, дизайн және баспаға дайындаудан өтеді.

📌 Материал қабылдау: 2026 жылғы 20 мамырға дейін
📌 Кітаптың шығуы: 2026 жылдың IV тоқсаны

Қатысу шарттары мен ұйымдастыру жарнасы туралы толық ақпарат ХАА дирекциясы тарапынан қатысуыңыз расталғаннан кейін беріледі.

Құрметпен,
Халықаралық ақпараттандыру академиясының дирекциясы