Бұл мереке – ел тыныштығы мен қауіпсіздігін қорғап жүрген азаматтарға деген құрметтің белгісі. Әрқашан ел игілігі жолында еңбек етіп, қоғамның дамуына үлес қосып жүрген сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге табыс тілейміз.
Еліміздің бірлігі нығайып, көк туымыз әрдайым биікте желбірей берсін!
«Ер – елінің қорғаны» демекші, абыройларыңыз асқақ, мерейлеріңіз үстем болсын!
Ізгі тілекпен,
ХАА дирекциясы



