Бұл күн 1997 жылы қабылданған «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңымен байланысты. Аталған заңда алғаш рет тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық ұғымы тұрғын үй қорын және инженерлік инфрақұрылымды қамтамасыз ететін ұйымдар жиынтығы ретінде айқындалды.
Осы кәсіби мерекеге орай барлық сала қызметкерлерін шын жүректен құттықтаймыз!
Сіздердің күнделікті еңбектеріңіз – халықтың жайлы әрі қауіпсіз өмірінің кепілі.
Сіздерге зор денсаулық, тұрақтылық, еңбекте табыс және халықтың алғысына бөлене берулеріңізді тілейміз!



