10 Сәуір 2026

«Қазақстанның жоғары мектебі мен ғылымы тұлғаларда – XXI ғасыр» атты энциклопедиялық басылымның 10-томын дайындауды бастады

Құрметті Халықаралық ақпараттандыру академиясының мүшелері!

Халықаралық ақпараттандыру академиясы Қазақстан ғылымының тарихын сақтау мақсатында және академик Мүштай Батырбекұлы Батырбековтің ғылыми мұрасын дәріптеу аясында оның қызы Гүлнара Мүштайқызы Батырбековамен бірлесіп, «Қазақстанның жоғары мектебі мен ғылымы тұлғаларда – XXI ғасыр» атты энциклопедиялық басылымның 10-томын дайындауды бастады.

 

Сіздерді осы маңызды ғылыми-биографиялық жобаға қатысуға шақырамыз. Басылымда Қазақстанның білім беру жүйесі мен ғылымының дамуына үлес қосып жүрген ғалымдар, оқытушылар және ғылым ұйымдастырушылары туралы мәліметтер жарияланады.

Кітап Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасына тапсырылып, сондай-ақ еліміздің жетекші университеттерінің кітапханаларына жолданады. Осылайша, басылым ұлттық ғылыми мұраның бір бөлігіне айналады.

Қатысу үшін келесі материалдарды жіберу қажет:
* Өмірбаян – 2–2,5 бет (Word форматында);
* 3–5 фотосурет (портрет, ғылыми іс-шаралардағы немесе әріптестермен түскен фото, jpg форматында);
* ұйымдастыру жарнасын төлегені туралы чек.

Материалдар редакциялық өңдеуден өтіп, қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жарияланады.

📅 Материалдарды қабылдау мерзімі: 24 сәуір 2026 жыл
📧 Жіберу мекенжайы: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

Қосымша ақпарат алу үшін:
📞 +7 701 675 4058

Құрметпен,
ХАА Дирекциясы