«Ұлы Жеңіске 80 жыл» жобасы аясында Халықаралық ақпараттандыру академиясы (ХАА) «Соғыс балалары» медальдерін салтанатты түрде табыстау рәсімін өткізді.
Бұл қоғамдық марапат соғыс жылдарының ауыртпалығын бастан өткерген жандарға беріледі. Ол – олардың өмірлік жолына, еңбегіне және ел дамуына қосқан үлесіне деген алғыс пен құрметтің белгісі.
«Соғыс балалары» медалі – ресми емес, естелік сипатындағы марапат. Ол кейінгі ұрпаққа үлкендердің бастан кешкен қиын кезеңдерін ұмытпауға және олардың ерлігі мен төзімділігін қадірлеуге шақырады.
Іс-шараға ХАА академиктері
- Нұрмағанбетова Мұгүлсім Омарқызы
- Серкебаев Мұрат Бекмұхамедұлы,
- сонымен қатар, Академия дирекциясының өкілдері мен қонақтар қатысты.
Кездесудің жылы әрі әсерлі атмосферасы Жеңіс ұрпағына деген құрмет пен тарихи жадының маңыздылығын тағы бір мәрте еске салды.



