«Қазіргі гуманитарлық ғылымның өзекті мәселелері тұрғысынан түркітілдес халықтардың әдебиеті, фольклоры және мифологиясы» атты Халықаралық ғылыми-теориялық конференциясы цифрландыру және жасанды интеллектіні гуманитарлық білім мен білім берудің салаларына енгізу жағдайында түркітілдес халықтардың фольклорын, мифологиясын, тілі мен әдебиетін зерттеудің өзекті мәселелеріне арналған.
Конференция – қазақстандық гуманитарлық ғылымға, жоғары мектеп педагогикасына және университеттік білімге елеулі үлес қосқан көрнекті ғалым-мифолог және әдебиеттанушы, филология ғылымдарының докторы Мауленов Алмасбек Анықбекұлының мерейтойына орай өткізіледі, осылайша ғалымның ғылым мен қазіргі педагогикадағы жетістіктерін көрсетеді.
Конференция 17 қазан 2025 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің, Қазақстан Республикасы М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының, Қазақстан Республикасы Ахмет Байтұрсынұлы атындағы «Тіл білімі» институтының және «ASPANDAU» Ғылыми-білім беру қорының қолдауымен өтеді.
Конференцияда қарастырылатын мәселелер:
- Цифрландыру және жасанды интеллект дәуіріндегі қазіргі фольклористика мен мифологияның өзекті мәселелері;
- Ғалым-фольклорист және мифолог А.А. Мауленовтің әдіснамалық және ғылыми-теориялық ізденістері;
- Қазақстан Республикасының орта және жоғары оқу орындарының гуманитарлық білім мазмұнына қазіргі заманғы мифология, әдебиеттану және тіл білімінің жетістіктерін енгізу;
- Жас ғалымдарды оқытудың әдіснамалық аспектілері: жоғары мектепте пәнаралық гуманитарлық білімді оқыту және қолдану.
Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.
Жұмыс форматы: оффлайн, онлайн. «ZOOM» платформасында өткізіледі.