Өткізу орны: Алматы қ, Сериков көшесі, 2а, Жетысу ауданы әкім аппараты, Конференц зал.
Алматы қаласында Халықаралық жемқорлыққа қарсы күрес күніне орай : «Қоғамдық ұйымдардың сыбайлас жемқорлықпен күрестегі орны : тәуекелдері мен мүмкіндіктері » тақырыбында конференция өтеді.
Іс-шараны ұйымдастырушылар – Парасатты ұрпақ үшін, Алматы қоғамдық даму басқармасы, Алматы қаласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Департаменті.
Конференцияның мақсаты – қоғамның жемқорлыққа қарсы тұрудағы рөлін нығайту, тиімді тәсілдерді талқылау және осы бағытта ынтымақтастықты дамыту.
Конференцияның негізгі тақырыптары:
- Жемқорлықтың алдын алу мен оған қарсы күрестегі ҮЕҰ тәжірибесі.
- Азаматтық қоғам мен мемлекеттік органдардың өзара әрекеттестігі.
- Алматы қаласы бойынша сыбайлас жемқорлық деңгейі жөнінде әлеуметтік сауалнаманың нәтижелері.
Конференция барысында спикерлер жемқорлықпен күрестің жаңа әдістерін енгізу қажеттілігі мен қоғамда ашықтықты қамтамасыз етудің маңыздылығын атап өтеді. Конференция қатысушылары жемқорлыққа қарсы саясатты жетілдіру бойынша ұсыныстарын ортаға салады.
Негізгі спикерлер
Жылқыбаева Ляззат Әуесханқызы - Жетісу ауданының әкімі
Сәлімбаев Қанат Әсембайұлы - Алматы қаласы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің превенция басқармасының басшысы
Бишманов Кәкімжан Мұратжанұлы – з.ғ.к., Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры, «Қазақстан Республикасындағы терроризм және экстремизм мәселелерін зерттеу орталығы» қоғамдық қорының президенті, Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қоғамдық кеңесінің мүшесі.
Қорытынды бөлімінде:
- Жемқорлықтың алдын алу мақсатында азаматтық қоғам мүшелері мен белсенділері мараппаталады.
ҮЕҰ өкілдерін және барлық мүдделі тараптарды конференцияға қосылуға және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қоғамды қалыптастыруға үлес қосуға шақырамыз.
Тіркеу және қосымша ақпарат алу үшін байланыс ақпараты:
Сәуле Мұратқызы, whatsapp - 8 707 510 78 00, e-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс., Эльмира Таубаева, 8 747 545 48 28 - whatsapp, Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.