21 Тамыз 2024

ҮЕҰ-ға арналған сыйлықақыны алуға өтінімдерді қабылдау жүргізілуде

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі 1 шілдедеден үкіметтік емес ұйымдарға арналған сыйлықақыны беру мақсатында жыл сайын өткізілетін конкурсқа өтінімдерді қабылдауды  бастады.

ҮЕҰ үшін сыйлықақы – бұл ҮЕҰ әлеуетін нығайту, қоғамдық пайдалы жобаларды іске асыруға мотивацияны арттыру үшін институционалдық қолдау тетігі.

Сыйлықақы әлеуметтік маңызы бар 16 сала бойынша беріледі. Бір салаға арналған сыйлықақы мөлшері 2000 АЕК-ті құрайды.

Айта кетсек, соңғы 7 жылда 420 ҮЕҰ қоғамдық мәселелерді шешуге өз үлестерін көрсетіп, сыйлықақы иегері атанды.

Егер сіздің ҮЕҰ қоғам өміріне белсенді қатысып, өз қызметі саласында көшбасшы ретінде танылып, әлеуметтік маңызды мәселелерді шешуге түбегейлі үлес қосып, жаңашыл идеяларды белсенді іске асырса – үздік ҮЕҰ арасында өтетін конкурсқа қатысуға шақырамыз.

Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдау 2024 жылғы 2 қыркүйекте (қоса алғанда) сағат 18:30-да (Астана қаласы уақытымен) аяқталады.

Конкурсқа қатысу шарттары туралы толығырақ келесі сілтеме бойынша білуге болады  www.gov.kz/memleket/entities/mam/documents/details/685056?lang=kk  

Сұрақтар туындаған жағдайда келесі нөмірлер бойынша хабарласуға болады: 8 (7172) 74-09-97, 74-13-41, 74-02-17.