Байқоңырова Ә.Ө. 1947 жылы туылған, қазақ, жоғары білімді.
ҚазҰТУ Байқоңырова Ә.Ө. 1972 ж. бері, М.В.Ломоносов атындағы Мәскеудің жұқа химиялық технология институтын (МИТХТ) «Сирек және шашыранды элементтердің химиялық технологиясы» мамандығын, химик-технолог инженер ретінде бітіргеннен кейін, жұмыс істеп келеді.
1972 жылдан 1975 жылға дейін ҚазПТИ жеңіл және сирек металдар металлургиясы кафедрасының кіші ғылыми қызметкері болып жұмыс істеді.
1975 – 1976 жж. – стажер-зерттеуші, 1976 – 1979 жж. – МИТХТ Сирек және шашыранды элементтердің химиясы мен технологиясы кафедрасының аспиранты. 1979 жылы 05.17.02 – «Сирек, шашыранды және радиоактивті заттар технологиясы» мамандығы бойынша химия ғылымының кандидаты ғылыми дәрежесін ізденуде диссертациясын қорғады.
Аспирантураны бітіргеннен соң, 1980 – 1981 жж. Байқоңырова Ә.Ө. металлургия процестері мен пештері теориясы кафедрасының оқытушысы (ҚазПТИ), 1984 жылдан – «Металлургия процестерін физика-химиялық зерттеу» (ФХИМП) болып өзгерген, осы кафедраның аға оқытушысы, 1984 – 1999 жж. – сол кафедраның доценті, ал 1999 – 2001 жылдары – ФХИМП кафедрасының меңгерушісі қызметтерін атқарды, (қазір кафедра «Металлургия процестері және арнайы материалдар технологиясы» – МПжАМТ аталады), 2001-2004 жж. – ҚазҰТУ докторанты. 2004 ж. 05.16.02 – «Қара, түсті және сирек металдар металлургиясы» мамандығы бойынша техника ғылымының докторы ғылыми дәрежесін ізденуде диссертация қорғады. 2006 жылдан бері Байқоңырова Ә.Ө. МПжАМТ кафедрасының меңгерушісі.