Қазақстандағы IT
ХІІІ Азаматтық форумы
ҮЕҰ, билік және бизнестің 300-ден астам өкілдері 2023 жылдың 23 маусымында Тимирязев көшесі, 42, Best Western Plus Atakent Park қонақ үйінің Конгресс-холлында Алматы қаласының ХІІІ Азаматтық форумының диалогтық алаңында жиналады.
ЦДИАӨМ, АШМ және Әділет министрлігімен бірлесіп жер және жылжымайтын мүлік саласы бойынша бірыңғай ашық деректер базасын құрды
Цифрлық даму министрлігі мен Ауыл шаруашылығы министрлігі және Әділет министрлігімен бірлесіп жер және жылжымайтын мүлік саласы бойынша бірыңғай ашық деректер базасын құрды. Бұл «Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры» жаңа ақпараттық жүйесіне көшу шеңберінде жасалды. [www.gov.kz]
Қаныш Төлеушин Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі бірінші вице-министрі болып тағайындалды
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Қаныш Аманбайұлы Төлеушин Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі бірінші вице-министрі болып тағайындалды. [www.gov.kz]
Бағдат Мусин Семей қаласындағы Abai it-Valley технопаркіне барды
ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Абай облысына жұмыс сапары аясында Abai it-Valley технологиялық кластеріне барды.[gov.kz]
Цифрлық даму министрлігі «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне цифрландыру саласындағы мемлекеттік басқаруды жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасын әзірледі
Заң жобасында мемлекеттік органдардың функциялары мен әкімшілік рәсімдерді заңнамалық деңгейде шамадан тыс реттеуді жою ұсынылады.[gov.kz]
Автокөліктерге VIP нөмірлерді eGov.kz порталы мен eGov Mobile мобильді қосымшасында қолжетімді
Бүгіннен бастап қазақстандықтар eGov.kz порталы мен eGov Mobile қосымшасында автокөлікке VIP нөмірлерге тапсырыс бере алады. МТНБ-нің қарапайым нөмірлері бұл санатқа кірмейді, олар әдеттегідей мамандандырылған ХҚКО-ларда қолжетімді.
Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы маман сертификатын беру жөніндегі қызметі elicense.kz порталында қолжетімді
Elicense.kz порталында «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы маман сертификатын беру» қызметі автоматтандырылды. Аталмыш қызметті жеке тұлғалар тегін ала алады.[nitec.kz]
Қазақстан БҰҰ АТМЭӘК-ның 79-сессиясына вице-төрағалық етті
15-19 мамыр аралығында Тайланд астанасы Бангкокта БҰҰ-ның Азия-Тынық мұхиты аймағына арналған Экономикалық және әлеуметтік комиссиясының (БҰҰ АТМЭӘК) 79-сессиясы өтеді. [www.gov.kz]
Жылдың аяғына дейін «Қазақтелеком» 53 мыңнан астам клиентін ADSL технологиясынан GPON-ға ауыстырады
Еліміздің ең ірі телеком-операторы клиенттерін ескі мыс технологиясынан заманауи оптикалық желілерге ауыстырып қосу бойынша көлемді жобаны жүзеге асырып келеді. [telecom.kz]
Жеке тұлғалардың банкроттығы туралы қызмет eGov.kz порталы мен eGov Mobile мобильді қосымшасында қолжетімді
«Соттан тыс банкроттық процедураны қолдану» мемлекеттік қызметі eGov.kz порталы мен eGov Mobile мобильді қосымшасында қолжетімді. [www.nitec.kz]