Камалова Гаухар Абдумуталиповна

Кандидат физико-математических наук, член-корреспондент Международной академии информатизации

Өмірбаян

  • Font size: Larger Smaller
  • Hits: 179
  • 0 Comments
  • Subscribe to this entry
  • Print

КАМАЛОВА ГАУХАР ӘБДУМҮТӘЛІПҚЫЗЫ

Физика-математика ғылымдарының кандидаты, Халықаралық ақпараттандыру академиясының корреспондент мүшесі

 

Туған жылы: 22 желтоқсан 1974 жыл

Туған жері: Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы.

Білімі: жоғары, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті

Марапаттары:

«Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісі (2019), Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті ректорының Құрмет грамоталары (2015, 2018), «ЖОО-ның үздік оқытушысы» төсбелгісі (2022).

Еңбек жолы:

1996 жылы Гаухар Әбдумүтәліпқызы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің механика және қолданбалы математика факультетін аяқтады.
Г.А. Камалованың еңбек жолы осы жылдың тамыз айынан бастап арнайы жолдамамен Ы.Жахаев атындағы Қызылорда политехникалық институтының «Қолданбалы математика және есептеу техникасы» кафедрасына оқытушы болып жұмысқа орналасудан басталды. 1998 жылы аталған институт Қорқыт ата атындағы Қызылорда гуманитарлық университетімен  бірігіп, Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті болып қайта құрылып, 1998 жылдың тамыз айынан 2000 жылға дейін "Қолданбалы математика" кафедрасының оқытушысы, 2000 жылдың қыркүйек айынан 2002 жылдың қараша айына дейін "Қолданбалы математика және компьютерлік жүйелер" кафедрасының аға оқытушысы болып жұмыс істеді.

2003-2005 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігінің математика институтында 01.02.05 - сұйықтық, газ және плазма механикасы мамандығы бойынша аспирантурада оқыды. 2006 жылы аспирантураны аяқтағаннан кейін ҚР БҒМ Математика институтының гидродинамика зертханасында ғылыми қызметкер, 2007 жылдан 2009 жылдың желтоқсанына дейін аталған зертханада аға ғылыми қызметкер болып жұмыс істеді. 2008-2009 жылдары әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың "ЭЕМ-ді математикалық қамтамасыз ету" кафедрасында аға оқытушы қызметін атқарды.

2009 жылы ақпан айында «Математикалық модельдеу, сандық әдістер және бағдарламалар кешені» мамандығы бойынша физика-математика ғылымдарының кандидаты дәрежесін алу жолындағы диссертациясын қорғады.

 2010-2017 жылдары Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің "Ақпараттық жүйелер" кафедрасының доценті, 2017 жылдың тамыз айынан бастап "Ақпараттық жүйелер" кафедрасының меңгерушісі, 2018 жылдың ақпан айынан бастап "Ақпараттық технологиялар" орталығының директоры, 2019 жылдан бастап аталған университеттің "Ақпараттық технологиялар" жоғары мектебінің жетекшісі, 2021 жылдың тамыз айынан бастап цифрлық даму орталығының директоры болып жұмыс атқарады.

Сандық модельдеу және есептеу гидроаэромеханикасы саласында ғылыми-ұйымдастырушылық жұмыста көп жылдық тәжірибесі бар. "Көп компонентті қоспалар, біртекті емес ортадағы турбулентті ағымдар динамикасының міндеттері" (2006-2008) және "Дыбыстық деңгейдегі және дыбыстан жоғары ағымдар есептерін шешудің математикалық модельдері мен әдістерін құру" (2009-2011) гранттық жобаларының орындаушысы болды. Сонымен қатар, "Ғылым саласындағы халықаралық ынтымақтастық" бағдарламасы (2009) бойынша "Бериллий оксидінен жасалған керамикалық төсемге металл буларының наноқұрылымдарын тозаңдатудың ақпараттық жүйесін құру" тақырыбында және "Тұтқыр газға арналған жану процестерінің әдістерін құру" (2005-2007) халықаралық ғылыми-техникалық жобасына (ХҒТЖ) қатысты.

2013-2016 жылдары Tempus 543808 "Ресей мен Қазақстан үшін Еуропалық біліктілік аясы негізінде АКТ бойынша кәсіби даярлау" (PICTET) бірлескен еуропалық жобасына қатысты. 2020 жылдың қаңтар айынан бастап Камалова Г. А. бірлескен Еуропалық Эразмус+ бағдарламасы бойынша 610166-EPP-1-2019-1-SK-EPPKA2-CBHE-JP "Информатика саласындағы докторанттар мен жас зерттеушілерге арналған озық орталық" (ACeSYRI) жобасының жетекшісі және орындаушысы болып табылады. Сонымен қатар, ол Эразмус+ бағдарламасы бойынша 609757-EPP-1-2019-1-RS-EPPKA2-CBHE-JP "Қазақстандағы өнеркәсіптік автоматтандыру және робототехникаға арналған дуалды білім беру" (DIARKAZ) (2020-2023) бірлескен еуропалық жобасының орындаушысы болып табылады.

Оқу-ғылыми ізденістердің нәтижелері бойынша 80-нен астам оқу-ғылыми еңбек жарияланған. Камалова Г.А. үлкен ғылыми-педагогикалық жұмыстар жүргізеді, студенттердің дипломдық жұмыстарына, магистранттардың ғылыми жұмыстарына жетекшілік етеді. 2011 жылдан бастап 20 магистрлік жұмыстың ғылыми жетекшісі болған.

Гаухар Әбдумүтәліпқызы түрлі лауазымдарда жұмыс атқара отырып, өзін құзыретті, бастамашыл басшы ретінде көрсетті. Ұйымдастырушылық қабілеті, белсенді ғылыми-педагогикалық қызметі университеттің оқу-ғылыми қызметінің қалыптасуы мен дамуына ықпал етеді. Университетте кампустың IT инфрақұрылымын құру, жалпы алғанда, университеттің оқу-ғылыми және басқару қызметін цифрландыру бойынша үлкен жұмыстар жүргізіп келеді.

Last modified on
0

Год рождения: 22 декабря 1974 г.

Место рождения: Кызылординская область, Жанакорганский район.

Образование: высшее, Казахский национальный университет имени аль-Фараби

Награды:

Нагрудный знак «Почетный работник образования Республики Казахстан» (2019 г.), грамоты ректора Западно-Казахстанского аграрно-технического университета имени Жангир хана (2015 г., 2018 г.), нагрудный знак «Лучший преподаватель вуза» (2022 г.).

Карьерная лестница:

В 1996 году Гаухар Абдумуталипвна окончила факультет механики и прикладной математики Казахского национального университета имени аль-Фараби.

Трудовая деятельность Г.А. Камаловой началась в августе этого года, когда она была принята на работу преподавателем кафедры «Прикладная математика и вычислительная техника» Кызылординского политехнического института имени Ю.Жахаева. В 1998 году указанный институт объединился с Кызылординским гуманитарным университетом имени Коркыт Ата и был реорганизован в Кызылординский государственный университет имени Коркыт Ата. Она работала преподавателем, старшим преподавателем кафедры «Прикладная математика и компьютерные системы» до декабря 2002 года.

В период с 2003 по 2005 год обучалась в Институте математики МОН РК 01.02.05 - аспирантура по специальности механика жидкости, газа и плазмы. После окончания аспирантуры в 2006 году работала научным сотрудником лаборатории гидродинамики Института математики МОН РК, а с 2007 по декабрь 2009 года старшим научным сотрудником в указанной лаборатории. В 2008-2009 годах по совместительству работала старшим преподавателем кафедры «Математическое обеспечение информатики» КазНУ им. аль-Фараби.

В феврале 2009 года защитила кандидатскую диссертацию к получению ученой степени кандидата физико-математических наук по специальности «Математическое моделирование, численные методы и комплекс программ».

В 2010-2017 годах была доцентом кафедры «Информационные системы» Западно-Казахстанского аграрно-технического университета имени Жангир хана, с августа 2017 года заведующей кафедрой «Информационные системы», с февраля 2018 года является директором центра «Информационные технологии», с 2019 года является руководителем Высшей школы «Информационные технологии», с августа 2021 года работает директором центра цифрового развития данного университета.

Имеет многолетний опыт научной и организационной работы в области цифрового моделирования и вычислительной гидроаэромеханики. Был исполнителем грантовых проектов «Многокомпонентные смеси, задачи динамики турбулентных течений в неоднородных средах» (2006-2008 гг.) и «Создание математических моделей и методов решения задач звуковых и сверхзвуковых течений» (2009-2011 гг.). Кроме того, по программе «Международное сотрудничество в области науки» (2009 г.) по теме «Создание информационной системы для напыления наноструктур паров металлов на керамическое покрытие из оксида бериллия» и к международному научно-техническому проекту «Создание методов процессов сжигания летучих газов» (2005-2007 гг.).

В 2013-2016 годах участвовала в совместном европейском проекте 543808 «Профессиональное обучение в области ИКТ на основе Европейской рамки квалификаций для России и Казахстана» (PICTET) по программе TEMPUS. С января 2020 года Камалова Г. А. является руководителем и исполнителем проекта 610166-EPP-1-2019-1-SK-EPPKA2-CBHE-JP «Передовой центр для докторантов и молодых исследователей в области информатики» (ACeSYRI) в рамках совместной европейской программы Erasmus+. Кроме того, является исполнителем совместного европейского проекта 609757-EPP-1-2019-1-RS-EPPKA2-CBHE-JP «Дуальное образование по промышленной автоматизации и робототехнике в Казахстане» (DIARKAZ) (2020-2024 гг.) в рамках программы Эразмус+.

По результатам учебных и научных исследований опубликовано более 80 учебных и научных работ. Камалова Г.А. ведет большую научно-педагогическую работу, руководит дипломными, научными работами студентов и магистрантов. С 2011 года является научным руководителем 20 магистерских диссертаций.

Гаухар Абдумуталиповна, работая на различных должностях, проявила себя как грамотный и инициативный руководитель. Организационная способность, активная научно-педагогическая деятельность способствуют становлению и развитию образовательной и научной деятельности вуза. Она проводит большую работу по созданию ИТ-инфраструктуры кампуса, и в целом по цифровизации образовательной, научной и управленческой деятельности вуза.

Comments

  • No comments made yet. Be the first to submit a comment

Leave your comment

Guest Thursday, 28 September 2023