<< Назад
Thursday, 06 May 2021 11:24

Clubhouse ресми түрде Android-та пайда болды

Clubhouse аудио-әлеуметтік желісі Android үшін қосымшаның ресми сынақ нұсқасын шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Android Police сайтына сілтеме жасап. [kaz.tengrinews.kz]

Қазіргі уақытта бағдарламаға бірнеше пайдаланушы ғана кіре алады. Алайда компанияның ресми блогында алдағы апталарда Clubhouse-ты көптеген адам Android-та сынап көре алатыны айтылған. Қосымшаның толық шығарылымы қашан болатыны әлі белгісіз. Сарапшылар әлеуметтік желі бета-арнадағы пайдаланушылар үшін қол жетімді болғандықтан, ол жақын арада барлығына ашылады деп болжап отыр. 

Бұған дейін аудио-әлеуметтік желінің лезде танылғаны ірі компаниялардың ұқсас қосымшалар жасауына себепші болған. Мысалы, наурызда Instagram Clubhouse аналогын жасағанын жариялады.