08 March 2026

Халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймыз!

Құрметті ханымдар!

Халықаралық ақпараттандыру академиясы Сіздерді көктемнің ең әсем мерекесі — 8 Наурыз Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтайды!

 

Бұл мереке – нәзіктік пен мейірімнің, даналық пен шабыттың белгісі. Сіздердің кәсібиліктеріңіз, білім мен ғылымның дамуына қосып жүрген үлестеріңіз, қоғам игілігі жолындағы еңбектеріңіз зор құрметке лайық.

Сіздерге зор денсаулық, отбасылық амандық, шығармашылық табыс, жаңа ғылыми жетістіктер мен көктемдей жайнаған көңіл-күй тілейміз! Әр күндеріңіз қуаныш пен бақытқа, игі бастамалар мен жарқын жетістіктерге толы болсын!

Құрметпен ,
ХАА Бас директоры
А.Ф. Цеховой