26 September 2025

Хабарландыру «Цифрлық мемлекет және азаматтық қоғам: серпінді серіктестік»

2025 жылғы 2 қазанда Оқушылар сарайында Алматы қаласының XIV Азаматтық форумы өтеді. Форум аясында үкіметтік емес ұйымдар, мемлекеттік органдар мен бизнес қауымдастығының 300-ден астам өкілдері бір алаңда бас қосады.

Форумның ұйымдастырушысы – Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасы.

Форумның күн тәртібінде қалалық инфрақұрылымды цифрлық түрлендірудің өзекті мәселелері қарастырылады: тұрғын үй-коммуналды шаруашылықтан бастап көлік саласына дейін. Цифрлық ашықтықты талдау тәсілдері, мемлекеттік сатып алуларды, мүліктің меншік иелерінің бірлестігі (ММИБ), көппәтерлі тұрғын үйлерді басқару кооперативі, МИБ-ті бақылау құралдары және ТДМ-ге (Тұрақты даму мақсаттарына) қол жеткізу аясында цифрлық платформалар мен қосымшаларды пайдалану мысалдары ұсынылады. Әсіресе, денсаулық сақтау саласында халықтың барлық топтарының цифрлық технологиялар мен қызметтерге тең қол жеткізуін қамтамасыз ету мәселесіне ерекше назар аударылады.

Форум шеңберінде «Үздік идеялар – менің қалама» атты әлеуметтік жобалардың көрмесі өтеді. Көрме қорытындысы бойынша жергілікті қауымдастықтардың әлеуметтік мәселелерін шешуге бағытталған ҮЕҰ-дың креативті жоба-идеялары номинацияланады.

Азаматтық форумға ҮЕҰ, сарапшылар қауымдастығы, бизнес, мемлекеттік органдар мен халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысуға шақырылады.

Байланыс телефондары:
+7 701 641 2483 (Ақмарал)
+7 747 622 4662 (Әсел)

Тіркелу және Форум бағдарламасымен танысу: almatycivicforum.kz