<< Назад
Wednesday, 08 December 2021 12:11

Цукерберг WhatsApp-қа қосылған жаңа функцияны таныстырды

WhatsApp мессенджерінде бір рет көргеннен кейін жоғалып кететін хабарламаларды баптау функциясы пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл ақпаратты Meta компаниясының басшысы Марк Цукерберг Facebook-парақшасында жариялады.

Бұл пайдаланушыларға белгілі бір уақыттан кейін жеке немесе ортақ чаттарды автоматты түрде жою функциясын баптауға мүмкіндік береді. Онда 24 сағат, 7 күн және 90 күннен кейін чатты толық өшіру ұсынылады.

"Енді WhatsApp-та чаттар қолданушы белгілеген уақытта жойылады. Ортақ чаттар үшін де солай жасауға болады. Бұл мүмкіндікті қалауыңыз бойынша қоса аласыз: ол қолданыстағы чаттың хабарламаларын жоймайды және сіздің параметрлеріңізді өзгертпейді", - делінген WhatsАpp блогында.

Бұл функцияны пайдалану үшін функцияны баптау бөліміне өтіп, "хабарлама таймерін" таңдау керек.