Әлем жаңалықтары

Криптовалютаның құны шамамен $7 мыңға түсіп кетті. Бұл кенет өсімнің тоқтауы ма әлде тек бағамның секіруі ме?[hi-tech.mail.ru]

Apple ірі вендорлардың алғашқы бестігінің ішінде ең қатты құлдырауды көрсетті. [Profit]

Оксфорд интернет институтында 2100 жылға қарай 1,4 млрд. Facebook қолданушыларының өмірден өтетіндігін анықтады. Зерттеушілер 2070 жылдың өзінде қайтыс болған әлеуметтік желі қолданушыларының саны тірі адамдардың санынан асып кететіндігін болжап отыр. [hi-tech.mail.ru]

«Адам жасушасы – дайын есептегіш машина», — дейді швейцариялық ғалымдар. Және мұны іс жүзіне дәлелдеп берді. [hi-tech.mail.ru]

Швейцариялық физиктер лазерлік импульстердің көмегімен ваккумның кванттық табиғатын түсіндіріп бере алды.[hi-tech.mail.ru]

«1С-битрикс» «Битрикс24»-те, әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде бизнес жүргізетін компанияларға төлем жасау мүмкіндігін беретін жаңа «Сату орталығы» функциясынның қолжетімді екендігін жариялады. [CNews]

Ақылды зауытардың әлемдік нарығы 2019 жылы 153,7 млрд долларды, ал 2024 жылы 244,8 млрд долларды құрамақ. MarketsandMarkets талдаушыларының есебі бойынша, орташа алғанда, аталған мерзімде нарық жылына 9,76%-ға артпақ. Нарықтың дамуын ынталандыратын факторлардық қатарына өндірістік роботтарды енгізу, заттар интернетінің дамуы, автоматтандыруға арналған интеллектуалды шешімдерге деген сұраныстың артуы және нормативті талаптарды сақтауға деген екпіннің артуы кіреді, деп хабарлайды Iot.ru.[Profit]

IDC EMEA Quarterly Server Tracker зерттеулерінің нәтижесі бойынша, 2018 жылдың төртінші тоқсанында ресей нарығына жалпы сомасы 320,91 млн доллар теңгені құрайтын түрлі типті 38 651 сервер жеткізілген. Өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда жеткізілген серверлердің саны 1,5%-ға өсті, жеткізілім көлемі ақшалай түрде 24,3%-ға ұлғайды. [Profit]

EA2 ірі астеройды Айға дейінгі қашықтықтан да кем қашықтықта ұшып өтеді. Бұл туралы НАСА деректері куаландырады.

 

Бельгиялық Левен университетінің ғалымдары Wi-Fi-ға қосылуға мүмкіндігі бар құрылғылардың барлығына бұзу қаупі төніп тұрғандығын мәлімдеді. Сарапшылардың айтуынша, интернетке Wi-Fi арқылы шығатын кез келген гаджетті бұзуға болады. .[hi-tech.mail.ru]

Page 12 of 49